Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет90/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   108

Білуге тиіс: ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторлардың тораптарын қолдану принципі, кезегімен бөлшектеу ережесі, жөндеуге дайындау; кеңінен таратылған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, салқындататын және тежегіш сұйықтықтарының, майлардың, жылудың қызметі және пайдалану, өңделетін материалдардың механикалық қасиеті, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; орындалатын жұмыстың көлемінде электр техникасы және металл технологиясының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Бензобактар, аккумуляторлар, кабиналар, қапшықтары - шешу, машинаға орнату және бекіту.

2. Қозғалтқыштар, жіберу қораптары, артқы мостылар - шешу.

3. Дискілер, тежегіш таспалар мен фрикциялық жапсырмалар – зақым келген жерлерін жою және тойтару.

4. Кронштейндер, қапсырмалар, хомуттар – жасау.

5. Аршығыштар – жөндеу және құрастыру.

6. Артқы мостылар, борттық жіберулер, көтеру және аудару механизмдері, шығару рейкасы, теңгергіштер, тежегіштер – жөндеуге бөлшектеу және дайындау.

7. Фрикциялық муфтылар – бөлшектеу және құрастыру.

8. Плафондар, жарық фонарлары, балауыз шамдар, стартерлер - шешу және орнату.

9. Төсемдер – жасау.

10. Комбайндардың тарату редукторлары - шешу және орнату.

11. Шыбықты картоп жинайтын комбайндардың элеваторлары бөлшектеу.

12. Тұқым тукты сепкіштердің жәшіктері – бөлшектеу.

§ 135. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторларды олардың жекелеген бөліктері мен бөлшектерін ауыстыра отырып, жөндеу, құрастыру және реттеу. Жай және орташа күрделіктегі ауыл шаруашылығы машиналарының, комбайндар мен тракторлардың дөңгелекте тұрғанында құрастыру және техникалық шарттарға сәйкес тапсыру. Мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінің жай машиналары мен жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, баптау және реттеу. Электр жабдықтары мен аспаптары агрегаттарын бөлшектеу. 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және қиыстыру. Сымдарды біріктіру және дәнекерлеу, оларды жасау және зиян келген учаскелерін ауыстыру. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен күрделі машиналарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылығы машиналарының, жабдықтарының, комбайндар мен тракторларының құрылысы,олардың негізгі тораптары мен бөлшектерінің қызметі және өзара іс-әрекеті; машиналар мен жабдықтарды бөлшектеудің, жөндеу және құрастырудың технологиялық кезектілігі; машиналар мен жекелеген агрегаттардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою әдістері мен тәсілдері, тораптар мен механизмдерді жөндеуден кейін сынаудың, реттеу және қабылдаудың техникалық шарттары, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері,әмбебап, күрделі айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; электр техникалық материалдар мен сымдарды ұзарту, дәнекерлеу және оқшаулау ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Сепкіштердің себу аппараттары – орнату және реттеу.

2. Сауатын аппараттар – жөндеу және реттеу.

3. Комбайндардың тоқпақтағыш және кесу барабандары – жөндеу және орнату.

4. Қабылдау және шой битерлер, астық жинайтын комбайндардың желдеткіштер – шешу, жөндеу және орнату.

5. Картоп жинайтын комбайндардың жапырақ тазартқыштары – жөндеу және орнату.

6. Шнекті сақтау бункерлері – горн деңгейінде датчиктің жұмысын реттеу.

7. Иінді біліктер, вариаторлар, муфталар – жөндеу, орнату және реттеу.

8. Желдеткіштер, су және май сорғылар, қозғалтқыш сүзгілері – жөндеу және құрастыру.

9. Қозғалтқыштар, жіберу қораптары, артқы мостылар – бөлшектеу.

10. Жандыру құлыптары – жөндеу, құрастыру, реттеу.

11. Астық жинайтын комбайндардың камералары – жөндеу және орнату.

12. Клапандар – ысқылау.

13. Жетекші және алдыңғы дөңгелектер, шынжыр табандар мен тізбектер, ұстап тұратын және тірек роликтер, руль жетектері, тежегіш колодкалары мен таспалары – жөндеу және құрастыру.

14. Алдыңғы мостылар, бортты жіберулер, көтеру және құлату механизмдері, үйіндіні шығару рейкалары, теңгергіштер, тежегіштер – жөндеу, құрастыру және орнату.

15. Картоп жинайтын комбайндардың редукторлары – жөндеу және орнату.

16. Сүт сеператорлары – жөндеу және реттеу.

17. Дискілі сепкіштердің сошниктері – жөндеу және орнату.

18. Комбайн транспортерлері мен елегіштері – жөндеу және орнату.

19. Құбыржолдар – ақауларды жөндеу және жою.

20. Рульмен басқару – ауыстыру, орнату.

§ 136. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінің орташа күрделіктегі машиналары мен жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, баптау және реттеу. Агрегаттар мен тораптарды жөндеу, құрастыру және сынау процесіндегі ақауларды анықтау және жою. Шынжыр табанды тракторларды, күрделі ауыл шаруашылығы машиналары мен комбайндарын, сондай-ақ электр жабдықтары агрегаттарын, аспаптарын құрастыру және техникалық шарттарға сәйкес тапсыру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және қиыстыру. Жай және орташа күрделіктегі конфигурациялы бөлшектерді теңгеру станоктарында статикалық және динамикалық теңгеру. Жөндеуге ақаулық ведомостілерді ресімдеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылығы машиналарының, жабдықтарының, комбайндар мен тракторларының құрылысы, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын реттеу ережесі; тораптар мен механизмдерді жөндеу, құрастыру және сынау процесінде ақауларды жою тәсілдері; ауыл шаруашылығы машиналарының электр жабдықтары мен электр аспаптарының, жабдықтардың, комбайндар мен тракторлардың құрылымы; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; шектеулер мен отырғызу жүйесі; теңгеру станоктарын баптау тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; әмбебап және стационарлық айлабұйымдардың конструкциясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет