Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Жұмыс үлгілері 1. Комбайнның астық жинау аппараттары – құрастыру сапасын тексеру және реттеу



бет91/108
Дата29.01.2018
өлшемі6,41 Mb.
#35881
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   108

Жұмыс үлгілері

1. Комбайнның астық жинау аппараттары – құрастыру сапасын тексеру және реттеу.

2. Бау байлайтын зығыр жинайтын комбайндардың аппараттары – жөндеу, орнату және реттеу.

3. Топан толтырғыштар, сабан толтырғыштардың, сабан сілкігіштердің иінді біліктері, эксцентрикті біліктер, ілініс дискілері – теңгеру.

4. Шатунды төлкелер – поршеньді саусақтар бойынша қиыстыру.

5. Комбайндардың, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарының гидрожүйелері – жөндеу.

6. Қуаттылығы 73,6 кВт-қа дейінгі (100 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар - жөндеу, толықтай құрастыру, тораптар мен механизмдерді реттеу және сынау, газ тарату, шатун поршенді топтағы және басқа да қозғалтқыш ақауларын жою.

7. Тамыр-түйнек жемістерді майдалағыштар – реттеу және жөндеу.

8. Клапандар – саңылауларды реттеу.

9. Поршеньді сақиналар – поршеньдерге қиыстыру.

10. Тракторлар мен астық жинайтын комбайндардың жіберу қораптары – жөндеу, реттеу, стендіде сынау.

11. Газ тарату механизмдері – құрастыру.

12. Тракторлардың планетарлық бұру механизмдері – құрастыру және реттеу.

13. Қоректендіргіштер – ротор, тығыздағыш және пышақ арасындағы саңылауларды реттеу.

14. Түбірлі және шатунды мойынтіректер – қырып тегістеу.

15. Жем таратқыштар – жөндеу, реттеу және баптау.

16. Тегістеу-тежегіш стенділер – жөндеу, құрастыру және реттеу.

17. Жонатын транспортерлер – жөндеу.

18. Рульдік басқару, редукторлар, артқы мосты, жіберу қорабы, фрикциондар – жөндеу, құрастыру және реттеу.

19. Астық комбайндарының шнектері мен элеваторлары – жөндеу және реттеу.

§ 137. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндар мен тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарын стендіде және шассиде жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Күрделі, эксперименталды және бірегей ауыл шаруашылығы машиналарын стендіде және шассиде жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінің күрделі машиналары мен жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, баптау және реттеу. Күрделі ауыл шаруашылығы машиналарын, комбайндары мен тракторларын, сондай-ақ электр жабдықтары агрегаттарын, аспаптарын құрастыру және техникалық шарттарға сәйкес тапсыру. 6-7 квалитеттер бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және қиыстыру. Күрделі конфигурациялы бөлшектерді теңгеру станоктарында статикалық және динамикалық теңгеру. Дисбаланс көлемін айқындау жөніндегі есептерді орындау. Ауыл шаруашылығы машиналарының, жабдықтарын, комбайндар мен тракторлардың жай және орташа күрделіктегі механизмдері мен тораптарын стенділерде және жеке жылжымалы немесе алып жүруге болатын механикалық, пневматикалық, гидравликалық және электр өлшегіш аспаптарды технологияға сәйкес диагностикалау және жөндеуге және құрастыруға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылығы машиналарының, жабдықтарының, комбайндар мен тракторларының құрылымдық ерекшеліктері, күрделі агрегаттар мен электр жабдықтарын жөндеудің, құрастырудың, сынау және реттеудің техникалық шарттары, сынау стенділерінің құрылысы; машиналар мен жабдықтарды орау және баптау әдістемесі; диагностикалық аспаптар мен жабдықтарды орау және баптау әдістемесі, жанамалы бөлшектердің тозу себептері, оларды анықтау және жою; мойынтіркетердегі теңгеру ерекшеліктері; ауыл шаруашылығы машиналарын, жабдықтарды, комбайндар мен тракторларды техникалық пайдалану және күту ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Шөптен жасалатын ұнды дайындауға арналған агрегаттар – жөндеу, реттеу, сынау.

2. Бау байлайтын зығыр жинайтын комбайндардың аппараттары – жөндеу, орнату және реттеу.

3. Зығыр жинайтын комбайндардың тарайтын барабандары – жөндеу, тегістеу және реттеу.

4. Сүрленген шөптерді жинайтын комбайндардың, кесетін, астық жинайтын комбайндардың уататын барабандары – теңгеру.

5. Маховикті иінді біліктер – теңгеру.

6. Қуаттылығы 73,6 кВт-тан асатын (100 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар - жөндеу, толықтай құрастыру, тораптар мен механизмдерді реттеу және сынау, газ тарату, шатун поршенді топтағы және басқа да қозғалтқыш ақауларын жою.

7. Іске қосатын қозғалтқыштардың карбюраторлары, тракторлар мен комбайндардың гидравликалық жүйелері – реттеу.

8. Тракторлардың және астық жинайтын комбайндардың жіберу қораптары – жөндеу және реттеу.

9. Дән тазалайтын, кептірілген шөп жинайтын, тыңайтқыш беруге, пішен және сабан іріктеу және сығымдауға арналған машиналар – реттеу.

10. Зығыр жинайтын комбайн картерлерінің механизмдері – жөндеу, құрастыру және реттеу.

11. Картоп жинайтын комбайндардың негізгі элеваторларын мәжбүрлеп сілкілейтін механизмдер – жөндеу және реттеу.

12. Егін егетін комбайндардың кесетін механизмдері – жөндеу, орнату және реттеу.

13. Егін егетін мотоайырлар – баптау, реттеу.

14. Ілініс муфталары - реттеу.

15. Құс ұстайтын және жем сығымдайтын клеткалы батареялардың жабдықтары – жөндеу, реттеу және баптау.

16. Тежегіштер – реттеу.

17. Сауу құрылғылары – жөндеу, реттеу және баптау.

18. Тізбекті элеваторлар – жөндеу, орнату, реттеу.

§ 138. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАШИНАЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эксперименталды және бірегей тракторларды, энергоқаныққан, ауыл шаруашылығы комбайндарын қоса алғанда, техникалық шарттарға сәйкес жөндеу, құрастыру, қалпына келтіру, реттеу, кешенді сынау және тапсыру. Мал шаруашылығы фермалары мен кешендерінің күрделі машиналары мен жабдықтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету, баптау және реттеу. Ауыл шаруашылығы комбайндарын, машиналары және жабдықтарын стендіде, автоматтандырылған құрылғыларда, жеке электронды, механикалық, гидравликалық және басқа да аспаптар және жүйелермен технологияға сәйкес диагностикалау және жөндеуге және құрастыруға қатысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет