2 Жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар
Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға тиісті жауап беру қажет:
жұмыс орындағы жарықтық “Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жалпы талаптар” 2.04-05-2002 ҚР СНиП бойынша орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес болу қажет;
жұмысшы беттердегі және қоршаған кеңістік шектеріндегі жарықтық мүмкіндігінше бірқалыпты таралу қажет;
жұмыс бетінде айқын көлеңкелер болмау қажет;
түсті дұрыс тарату үшін қажетті жарықтың қажетті спектралдық құрамын жарықтандыру қамтамасыз ету қажет;
жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың (шуыл және т.б.) көзі болмау қажет, сондай-ақ электрге және өртке қауіпсіз болу қажет.
Қорытынды
Жарықтандыру – қолайлы еңбек жағдайларын жасаудың маңызды факторы. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде жарықтандырылу тәртібі барлық бөлмелердің, әсіресе негізгі бөлмелердің сандық және сапалық жағынан ұтымды жарықтандырылуын қарастырады. Негізгі бөлмелердің жарықтандырылу жағдайы оқу-тәрбие кезінде жалпы жеке көру қабілетінің сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының алдын алып, соған сәйкес болатын көрудегі ауытқулардың, жеке алғанда алыстан көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.
Өндірістік бөлімшелердің қалыпты жарықталуы еңбекті қорғау, еңбектің жоғары өндірістілігін қамтамасыз етуі және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін өте маңызды.
Жарықтандырудың техникалық талаптарын сақтай отырып, біз өзіміздің денсаулығымызға әсер етеміз, жақсартамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кукин П.П., Лапин В.Л., Пономарев Н.Л., Сердюк Н.И. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность технологических процессов и производств (ОТ).- М.: Высшая школа, 2002.-317 с.
Хакімжанов Т.Е. Еңбек қорғау. Жоғары оқу орындары үшін оқу құралы.- Алматы: «ЭВЕРО», 2008 – 240 бет
Охрана труда в электроустановках. /Под ред. Е.Я. Юдина. – М.: Машиностроение, 1985. – 400 с.
Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций. -Алматы: ВШП «Адилет», 2000. - 366с.
Хомутов, О.И. Электрическое освещение: Учебное пособие [Текст] / О.И. Хомутов, А.Г. Порошенко, В.А. Порошенко, А.Р. Упит, СО. Хомутов; Алт. гос. техн. ун-т им. И.И. Ползунова. - Барнаул: Изд-во АлтГТУ, 2000. - 146 с
Достарыңызбен бөлісу: |