1.2 Жарықтылық. Жарықтық
Жарықталатын дене бетіне түсетін жарық ағынының тығыздық шамасын бағалау үшін жарықтылық ұғымын пайдаланады, ол сандық түрде жарық ағынының біркелкі бөлінуінде жарықталатын ауданның жарық ағынына тең болады:
,
Мұндағы F – жарықталатын бетке біркелкі түсетін жарық ағыны люменмен;
S – жарықталатын бет ауданы, м2.
Жарықтылық бірлігі үшін люкс (лк) алынады, яғни, жарықтану беттері 1м2, оған 1лм біркелкі бөлінген жарық ағыны түседі:
Жарық берілетін беттегі белгілі бір нүктедегі жарықтылық жарық күші бойынша анықталуы мүмкін.
Жарықтық
Әр түрлі түсі және шағылудың түрлі қасиеттері бар денелер жарық біркелкі түскенмен, адам көзімен әр түрлі қабылданады., Мысалы, бордың кесегі көмір кесегіне қарағанда, шағылту қасиеттері жақсырақ, сол себепті, ол байқаушының көзіне көбірек жарық ағынын жібереді, нәтижесінде жақсы көрінеді. Көру шарты жарқырайтын беттен сәулеленетін жарықтың күшіне және көрінетін беттің шамасына байланысты. Көру шарттары жарықтықтың сандық шамасымен сипатталады.
Жарықтық деп берілген бағыттағы беттің шығаратын жарық күшінің осы беттің шамасына қатынасы аталады. Егер адам көзіне бағытталған жалпақ жарқырайтын беттің сәулесі осы бетке перпендикуляр болса, онда жарықтанатын бет өрнекпен анықталады:
,
мұндағы B – жарықтық;
I – жарқырайтын бетке перпендикуляр жарық күші, св (шам);
S – жарқырайтын бет ауданы, м2.
Егер көз осы беттің нормалі мен көру сызығының арасындағы α бұрышы арқылы қарайтын болса, онда ол осы беттің бөлігін көреді, яғни оның жазықтықтағы кескінінің көру сызығына перпендикуляр ауданын көреді. Беттің бұл бөлігі:
тең болады.
Сондықтан кез келген бағыттағы біркелкі жарқырайтын бет үшін жарықтық:
тең болады.
Жарықтықтың біркелкі бөлінбеуінде
.
Ашықтық бірлігіне 1 нит алынады.
1 нит жарықтық бетке перпендикуляр әрбір м2 1 шыр.жарық күшімен бағытта сәуле шығаратын жазық бет ие болады
.
Диаметрі D шар түріндегі және барлық жаққа I жарық күшін біркелкі шашырататын жарық көзінің жарықтығы:
.
Шар кескіні кез келген бағытта шеңбер ауданына тең , жарқырайтын шардың орташа жарықтығын шығарамыз:
Жарқырайтын цилиндрдің орташа жарықтығы формуламен өрнектелуі мүмкін:
,
мұндағы D – цилиндр диаметрі, м;
L – цилиндр ұзындығы, м.
Мысал үшін жарықтың кейбір көздерінің жарықтығын келтірейік: люминесценттік шам жарықтығы 5250 – 8400 нит, қыздыру шамы – 525000 – 1050000 нит, жоғары қысымды қол шамы – 2100000 – 6300000 нит.
Достарыңызбен бөлісу: |