Ертегі терапиясы
Айына 1-2 рет
Дамыту және психологиялық жұмыстар үшін қолданылады. Ертегіне ересек немесе топтасып айтуға болады.
Түстердің әсері
Алға қойылған міндеттерге қарай айына 1-2 рет
МДМ-нің безендірілген түстеріне ерекше назар бөлу керек. Бөлменің ішкі көріністерінің түстерін дұрыс таңдау – баланың шиленісін шешуіне және эмоциялық икемделуіне жақсы
Мінез-құлқын түзету
Ересек тобынан бастап сеанс ретінде 10-12 сабақ 25-30
Сабақ арнайы әдіс-түсілдер арқылы аз топты 6-8 баламен Ойын түрінде әртүрлі мәселелі балалармен жүргізіледі.
— Таңертеңгілік жаттығу
-Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары.
— Спорттық жаттығулар.
Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары ( таңертеңгілік жаттығу, қимыл- қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері , ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар).
Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл- қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады. Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Барлық топтарда оқу іс- әрекеттерінде және одан тыс кезде тәрбиешілеріміз балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады. Ауа, су, күн шуағын қабылдау ықшам киім, ертеңгілік жаттығу, ауладағы дене шынықтыру, серуендеу шаралары, жалпақ табандылыққа қарсы алдын - алу жаттығулары бәрі де баланың шынығып, шымыр болуына ықпалын тигізеді.
Балалардың қимыл іс-әрекетін жетілдіру тек дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу-іс әрекетімен шектелмейді. Сабақтан бос уақыттарында балалардың қимыл іс-әрекеттеріне көп көңіл аударылуы қажет. Тәрбиеші көп қозғалмайтын балаларға ерекше көңіл аударып, оларды жалпы ойындарға үнемі баулып отыру керек.
Қыс мезгіліне арналған суық тию аурулары және тұмау ауруларына қарсы қолданылатын дәстүрден тыс лимон сарымсақ, жуа, емдік өсімдіктер тұзбен ауыз шаю, мұрынға оксалин майы, витаминдер, нүктелі массаждар, көз жаттығулары, құлақ және аяқ жаттығуларын балалардың бос кезінде жасатуларына болады.
Дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеттері, спорттық мерекелер және таңғы жаттығуды ұйымдастыруға біздің дене шынықтыру нұсқаушысы Дүкенов Серік Нұрғалиұлы белсене қатысады.
Нәтижесінде болашағымыз жарқын, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек,адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалап, дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда құрметті әріптестер.
Достарыңызбен бөлісу: |