Жұмыстың мақсаты мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады. Тәрбиешінің балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау
Байланысты: Бала денсаулығын нығайту үшін дәстүрден технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.
Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады.
Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.
Осы орайда өз қызметімде балалардың денсаулығын нығайту үшін дәстүрден тыс ойындарды қолданамын.