Өлшеу әдісі. Тәжірибеде қанығу тогының температураға тәуелділігін өлшей отырып берілген метал үшін шығу жұмысын анықтауға болады.Біздің жағдайда шығу жұмысын анықтау үшін Ричардсон түзулері әдісін қолданамыз. Әдістің идеясын түсіндірелік.
Ол үшін (3) теңдеуін логарифмдейік: Ондық
логарифмге көшсек, онда lg e 0.43
болғандықтан
Теңдеудің мұндай түрі оны эксперимент арқылы тексеру үшін қолайлы.
-тың тәуелділігінің графигі бұрыштық коэффициенті 0,43 Aшыf / k болатын түзу болып табылады. Түзудің абцисса өсіне бұрылу тангенсін анықтай отырып шығу жұмысын есептейміз:
мұндағы
Графикті тұрғызу үшін анодтық қанығу тогының тығыздығын jкан және катодтың температурасын білу қажет. Температура келесі түрде анықталады. Вакуумдық лампадағы катодқа берілетін қуат негізінде жылу шығаруға жұмсалады. Вольфрам үшін эксперимент арқылы катод температурасының оны қыздыруға кететін, катод бетінің бірлік ауданына келетін, джоуль қуатына тәуелділігі анықталған. Оның нәтижелерін 2-кестеден алуға болады.
Тәжірибе 5 суреттегі электрлік тізбегі бойынша жүргізіледі. Жұмыста диод ретінде тікелей қыздырылатын вольфрамдық катоды бар радиолампа қолданылады. Катодты қыздыру тұрақты токпен іске асырылады. Қыздыру тізбегіндегі амперметр мен вольтметр катодты қыздыруға шығындалатын қуатты анықтау үшін керек, ал ол температураны анықтауға қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |