Жұмыстың мақсаты



бет3/3
Дата10.04.2022
өлшемі179,84 Kb.
#138737
1   2   3
Байланысты:
№9 1

Жұмысты орындау тәртібі
1. Қоректендіру көзінің алдыңғы бетіндегі амперметр Iк қыздырғыш сымның (немесе катод) тогын бақылау үшін қызмет етеді, оның максимал мәні 2,2 А-ден аспау керек. Қыздырғыш сымның кернеуін амперметрдің астында орналасқан тетікпен бірқалыпты жәй өзгертуге болады.

5-сурет. Қондырғының электрлік схемасы
Қыздырғыш сымның кернеуі U PV вольтметр көмегімен өлшенеді, ол кернеуі 2.5 - 4.5 В көрсетілген қоректендіру көзінің клеммаларына қосылады. Қоректендіру көзінің панеліндегі вольтметр анодтық кернеуді өлшейді, оны реттеу вольтметрдің астында орналасқан қоректендіру көзінің алдыңғы бетіндегі бұраманың көмегімен іске асады.
Iа анодтық токты өлшеу үшін РА амперметр қолданылады, ол ФПЭ-06 модульдің РА клеммасына қосылады және миллиамперметр режимінде жұмыс істеп 20 мА дейінгі токты өлшеу керек.
2. Оқытушы немесе лаборант электр тізбегінің дұрыс жиналғандығын тексергеннен кейін ғана келесі тапсырмаларды орындауға кірісіңіз.
3. Қыздырғыш сымның (немесе катод) кернеуін 3,7 В-тан 4,3 В-қа дейінгі интервалда 0,1 В қадаммен өзгертіп, осылардың әрбір мәні үшін анодтық кернеуді 10 В қадаммен 10-нан 100 В-қа дейін өсіре отырып, анодтық токтың мәндерін 1 – кестеге жазыңыз
Uк=
Iк =
4. Әрбір қыздыру тогының мәні үшін вольтамперлік сипаттама тұрғызу қажет және алынған қисықтың иілім нүктесін қанығу нүктесі деп есептеу керек.
5. P=IKUK формуласы бойынша қыздыру кернеуінің барлық мәндері үшін катодтан бөлініп шыққан қуатты есептеңіз, сонымен қатар катодтың бетінің бірлік ауданына келетін қуатты табыңыз. Берілген лампаның катодының беттік аудан Sk=3,52·10-22.
6. 2-кестедегі катод температурасының P/SK–ға тәуелділігі бойынша қыздыру қуатының әрбір мәні үшін катодтың температурасын анықтау керек.

T, K

P/S,
Вт/м2 104

T, K

P/S,
Вт/м2 104

1500
1600
1700
1800
1900
2000
2100
2200

17,33
24,32
32,28
44,54
54,45
75,37
95,69
119,8

2300
2400
2500
2600
2700
2800
2900
3000

148,2
181,2
219,3
263,0
312,7
368,9
432,4
503,5

Катод температурасының P/Sk –ге тәуелділігі
7. формуласы бойынша анод тогының қанығу тығыздығын tcептеңіз;S 11106 м2
8. Барлық алынған мәліметтерді 3 – кестеге енгізіңіз.
9. -тың 1/T-ға тәуелділік графигін тұрғызыңыз; абсцисса өсі бойынша 1/Т, ал ордината бойынша салынады.
10. Алынған түзудің абсцисса өсіне көлбеулік бұрышының тангенсін
анықтаңыз және 7 – формула бойынша шығу жұмысын есептеңіз.
11. Графиктік өңдеу ережелері бойынша өлшеу нәтижелерінің қателіктерін есептеңіз.
12. Орындалған жұмыстар бойынша қорытынды жазыңыз.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

1.Қандай электрондық эмиссия түрлері бар?
2.Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
3.Электрондарды метал көлемінде ұстап тұратын күштердің биғаты қандай?
4.Вакуумды диодтың ВАС-ын сызып түсіндіріңіз.
5.Қанығу тогы дегеніміз не және ол температураға қалай тәуелді?
6.Екіден үш заңының табиғатын түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет