Жұмыстың мақсаты



бет58/70
Дата28.01.2018
өлшемі8,16 Mb.
#34155
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70

Әдістемелік нұсқау.

А матрицасын 14 санға көбейту керек.

1. Жұмыс кiтабының 2-бетiн ашыңыз.

2. Кестенiң B3:G8 блогына А матрицасының элементтерiн енгiзiңiз.

3. Нәтижелiк В матрицасы элементтерiнiң орналасу облысын, яғни B12:G17 блогын белгiлеп алыңыз.

4. Формула қатарына =14*B3:G8 формуласын жазып, Shift+Ctrl+Enter пернелер комбинациясын басыңыз.



5. Бетке “Санға көбейту” атауын берiңiз.

Тапсырма 4 Матрицалардың қосындысын (айырмасын) табу.
A= B=
А және В матрицаларының қосындысын табу.

1. Жұмыс кiтабының 3-бетiн ашыңыз.

2. B3:F8 блогына А матрицасының, ал B11:F16 блогына В матрицасының элементтерiн енгiзiңiз.

3. Нәтижелiк матрицаның элементтерi орналасатын болысты белгiлеңiз.

4. Формула қатарына =B3:F8+B11:F16 формуласын жазып, Shift+Ctrl+Enter пернелер комбинациясын басыңыз (5.3 сурет).

5. Бетке “Қосу” атауын берiңiз.



6. А және В матрицаларының айырмасын табыңыз.

Тапсырма 5 Матрицаға керi матрицаны табу.

А= -матрицаға керi матрицаны анықтау.

Әдістемелік нұсқау.

1. B3:G8 блогына матрица элементтерiн енгiзiңiз;

2. Матрицаның анықтауышын есептеп, G12 ұяшығына жазыңыз.

3. Керi матрица элементтерi орналасатын облысты белгiлеп алыңыз.

4. Функция шеберiн шақырып, МОБР функциясын орындаңыз.

5. МОБР терезесiнiң Массив өрiсiне керi матрица элементтерi орналасқан облысты жазып, Shift+Ctrl+Enter пернелер комбинациясын басыңыз.

6. Бетке “Керi” атауын берiңiз.


Тапсырма 6 Төменде берілген кестені толтырыңыздар:

4 тоқсандағы сүт тағамдарының сатылу кестесі





Қазан

Қараша

Желтоқсан

Орташа мән

(кг)


Бағалардың қосындысы

Сүт

55

65

70







Май

320

340

355







Қаймақ

250

273

305







Ірімшік

150

164

175







Барлығы (кг)
















Диаграмма құру және өңдеу

Диаграммалар – мәлiметтердi графикалық түрде кескiндеудiң ыңғайлы түрi. Олар берiлген сандық шамаларды өзара салыстыру мүмкiндiгiн бередi. EXCEL –де екi және үш өлшемдi бiрнеше диаграммалар түрлерi бар. Диаграмма тұрғызу үшiн Диаграмма шеберi деп аталатын функцияны қолдану керек. Диаграмма шеберiн үш әдiспен шақыруға болады:

1-әдiс. Енгiзу диаграмма командасын орындау арқылы;

2- әдiс. Стандартты саймандар панелiнiң Диаграмма шеберi батырмасы арқылы;

3-әдiс. Командалық мәзiр қатарының Диаграмма командасы арқылы.

Осы әдiстердi пайдаланғанда экранда 4 қадамнан тұратын сұхбат терезелерi бiрiнен кейiн бiрi пайда болады.

Қажет ақпараттарды сұхбат терезелерi арқылы енгiзiп, диаграмма тұрғызуға болады.

1-қадам. Диаграмма түрiн анықтау.

2-қадам. Диаграмма тұрғызуға қажет мәндер жиыны туралы мәлiметтердi енгiзу.

3-қадам. Диаграмма параметрлерiн енгiзу.



4-қадам. Диаграмманы орналастыру.

Тапсырма 1 «Базар» деген атпен көкеністер бағасына байланысты диаграмма

т
ұрғызып әртүрлі түске бояңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет