Жұмыстың мазмұны: Кіріспе


Мәтіндік режимде баспаға шығару



бет3/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,51 Mb.
#35484
1   2   3

Мәтіндік режимде баспаға шығару

Берілген форманы баспаға шығару
Егер сізге баспа құрылғысында мәтіндік режимдегі құжатты баспаға шығару керек болса, онда ол келесі үлгі бойынша іске асырылады. Баспа құрылғысымен жұмыс жасаған кезде мәтіндік файлдардағы сияқты қарапайым түрде жұмыс жасай беруге болады, тек AssignFile процедурасының орнына AssignPrn процедурасы қолданылады.

Мысал ретінде баспа құрылғысынан мынадай бір мәтіндік жол шығарылсын:



Бұл жерде бір айта кететін жәйт, BP.7.0- мен салыстырғанда Delphi- де System модулінің кейбір процедуралары мен айнымалылары өзгерген:


Кейде программада экрандық пішіннің көшірмесін алу талап етіледі. Ал бұл, Delphi- де TForm объектісінде керек кезде шақыруға болатын Print әдісі арқылы жүзеге асырылады.



Графикалық мәліметтерді баспаға шығару (TPrint объектісі)
Delphi программасында жасалынған графикалық мәліметтерді баспаға қалай шығаруға болады? Ол үшін Tprinter класының Printer деп аталатын арнайы объектісі бар. Егер де программаға Printers модулі қосылған болса ( яғни Uses бөлімінде модуль аты қосылған болса), бұл объект іске қосылады. Бұл объектілердің арқасында графикалық мәліметтерді баспаға шығару осы мәліметтерді экранға шығару сияқты қиынға түспейді. Ең негізгісі, Printer құрастырушыға Canvas-тың қасиетін және баспа құрылғысында канваның мазмұнын шығаратын әдісті ұсынады.

Printer объектісінің әдістері мен оның қасиеттерін толығырақ қарастырайық.



Printer қасиеті:

  • Aborted – бұл пайдаланушының Abort әдісі арқылы баспа құрылғысымен жұмысын үзгенін не болмаса үзбегенін көрсетіп отырады;

  • Canvas – графиктерді шығару үшін қолданылатын орын;

  • Fonts – іске қосу қаріптерінің тізімі;

  • Handle – Windows API- ді тікелей шақыру кезінде қолданылады;

  • Orientation – беттерді вертикальді және горизонтальді бағдарлау;

  • Page Width, Page Height, Page Number – беттің ені, биіктігі және номері;

  • Printers – баспа құрылғысы жүйесіндегі барлық орнатылғандарды санап шығады;

  • PrinterIndex – сол орнатылғандардың қайсысы ағымдық екенін көрсетеді;

  • Printing – BeginDoc әдісі арқылы баспаға шығарудың басталған басталмағанын көрсетеді;

  • Title – желілік баспа құрылғысындағы шығарылғандардың алдыңғы тақырыптары үшін және Print Manager үшін арналған тақырып;


Printer әдісі:

  • Abort - BeginDoc әдісімен баспаға шығаруды тоқтатады;

  • BeginDoc – канвада сурет салуды қалай бастау керектің алдында шақырылады;

  • EndDoc – керектілердің барлығы канвада салынып, енді баспа құрылғысы өз жұмысын осы әдістен кейін бастауға дайын тұрған кезде шақырылады;

  • NewPage – келесі жаңа бетке көшу;

Сонымен графикалық мәліметтерді баспаға шығару тізімі келесі түрде болады:




  • BeginDoc әдісі орындалады;

  • Канвада (Canvas) не керек соның бәрін саламыз;

  • Мәліметтерді бірнеше беттерге орналастыру қажеттілігінде NewPage әдісін шақырамыз;

  • EndDoc әдісін орындай отыра, салынғандардың барлығын баспа құрылғысына жібереміз;

Төмендегі мысалда жоғарыда жазылып кеткен барлық үш жағдай көрсетілген (8-суретті қара):



9-сурет TPrint объектісі

Қорытынды

Қорыта келгенде, мен осы курстық жұмысымды орындау барысында бағдарламалау әлемінде үздік жетістіктерге қол жеткізіп отырған, қызықты да күрделі программа – Delphi ортасы туралы бірталай мәлімет ала отыра, бұл тілдің басқа программалау тілдерінің ішіндегі ең жүйрігі, озық технологиялар жетістіктерінің талаптарына сай өз ерекшеліктерімен қатар өз мүмкіншіліктері де бар озығы екеніне көз жеткіздім.

Delphi - де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс- әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге, кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ғаламның түкпір- түкпіріндегі бұрышында болып жатқан барлық жаңалықтарды, білім, мәдениет, саясат салаларында болып жатқан жетістіктерді, яғни барлық мәліметтерді бүкіл дүниежүзілік компьютер желісі – Интернет арқылы білетін болсақ, осы мүмкіндіктерге одан да әрі қарай қол жеткізуге Delphi программасы да өз үлесін қоса алады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсам, Delphi ортасының мүмкіндігі өте зор және қазіргі уақытта кең тараған күрделі жүйелік программа болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Александровский А.Д «Delphi 5 разработка корпоративных приложений»

2. «Программирование в среде Delphi 7.0» С.В. Глушанов А.Л. Кливцов

3. «Delphi 3. Учебный курс. » Фарманов В.В.

4. «Delphi 3.Учебный курс» Бодровский С. Изд. Дом ПИТЕР, 2001

5. «Delphi 6.Программирование на Object Pascal» Культин Н.Б. Изд.: БХВ Санкт – Петербург, 2002



6. «Delphi 5. Справочное пособие» Архангельский А.Я. М.: ЗАО Изд. БИНОМ, 2001


2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет