Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің
арнаулы пән оқытушысы Кобекова С
С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжаттарды баспаға шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың құжаттармен жұмыс жасау кезінде алған білімі мен біліктіліктерін есіне толық қалыптастыру және оны пайдалана отырып баспаға шығаруды үйрету.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, зеректігін, ойлау ұшқырлығын жан-жақты дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Көрнекі құралдар: Компьютерлер, компьютерлік шаблондар арқылы нұсқаулар, үлестірмелі кеспе қағаздары, бағалау түрлі-түсті қағаздары, оқулық.
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
(оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, құрал-жабдықтарын тексеріп, зейіндерін, назарларын сабаққа аудару)
ІІ. Үй жұмысын сұрау
1. Үй жұмысы «Тізбек бойынша сұрау» әдіс-тәсілі арқылы сұралады.
Тәртібі: Жауап беріп жатқан оқушының жауабы кез-келген жерінен тоқтатылып, ары қарай басқа оқушы жауап береді. Бұл әдіс оқушылардың зейін қойып тыңдауға және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
Үй тапсырмасын бекіту үшін оқушылар компьютер қорапқа салынған үлестірмелі кеспе қағаздарына жауап береді.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары
1. Кеспе қағаздарымен жұмыс.
Құжатты безендіру дегенді қалай түсінеміз?
Құжатты безендіруге қандай командалар жатады?
Құжатты жартылай қарайтылған етіп жазу үшін қандай командалар тізбегін орындаймыз?
Қаріп дегеніміз не, оны қалай өзгертуге болады?
Мәтіннің түсін қалай өзгертеміз?
Пішімдеу инструменттер панеліндегі батырмасы қандай қызмет атқарады?
Мәтінаралық қашықтық (междустрочный интервал) қандай қызмет атқарады?
Пішімдеу инструменттер панеліндегі батырмалары қандай қызмет атқарады?
Пішімдеу инструменттер панеліндегі батырмасы қандай қызмет атқарады?
Беттерді белгілеу (нумерация) не үшін қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |