Сабақ -2017 байқауына тапсырыс Атырау облысы, Атырау қаласы №4 облыстық шипажайлы мектеп-интернатының математика және информатика пәні мұғалімі



бет1/5
Дата01.05.2017
өлшемі1,8 Mb.
#15395
түріСабақ
  1   2   3   4   5
«Үздік сабақ -2017» байқауына тапсырыс
Атырау облысы,

Атырау қаласы

4 облыстық шипажайлы мектеп-интернатының



математика және информатика пәні мұғалімі

Қарасаева Райгүл Құлқайырқызы
Еңбек өтілі: 17 жыл

Санаты: І

Информатика пәнінен нтерактивті ашық сабақтың тақырыбы:

Беттің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару.

6 б сыныбы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды бет өлшемдері жайлы және ернеулер туралы түсініктерін қалыптастыру. Қажетті құжаттарды баспаға шығару дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларды мәтіндік процессорында бет параметрлерін орнатып, баспадан құжатты шығарып үйрету.



Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Диалогты оқыту», «Оқуды басқару және көшбасшылық»,

« Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу».


Стратегиялық іс-әрекеттер: «Шаттық шеңбері», «Практикалық жұмыс», «Критериалды бағалау» , «Бірге ойлаймыз» әдісі, «Түртіп алу» әдісі топтық жұмыс, «Көргенімді есіме сақтаймын», Көз жаттығулары, Рефлексия,
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, практикалық жұмыс
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа- аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, нрутбук, принтер, ұялы телефон, интернет желісі, bilim-land. kz сайтынан онлайн жаңа сабақтың түсіндірілу бейнебаянын көрсету. Марапаттау сертификаттары
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеу

б) Сабаққа назар аударту
ІІ. Шаттық шеңбері. Амандасу

Қайырлы күн, достарым!

Сәтті болсын күніңіз!

Қасиетті жұмада,

Қуанышты жүріңіз!

Егеменді елімнің жайқылған біз гүліміз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Бірге ойлаймыз» әдісі

1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліңіз, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз.

2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі.

Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.



Үй жұмысының сұрақтары мен жауаптары:

  1. Көпбағанды мәтінді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?

(Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда көпбағанды стильді

қолданады.)

  1. Бағандар бұйрығы мәзірінің қай пунктінде орналасқан?

(Разметка страницы /Бетті белгілеу – Колонки/Бағандар)




  1. Пішімдеу сызығы бойынша мәтін бағандарының санын анықтауға бола ма?

(Бағандардың бөліну пішімдеу сызғышында жеке ақ жолақтар көрінеді. Қай бағанда жұмыс істеп жатсаңдар, сызғыштың сол бөлігінде азат жол мен абзац шекараларының маркерлері көрсетіледі.)

  1. Бағандардың енін өзгертудің қандай тәсілдері бар?

(Разметка страницы /Бетті белгілеу – Колонки /Бағандар- Другие колонки /Басқа бағандар - Басқа бағандар бұйрығының сұхбаттық терезесіндегі батырмамен бағанның санын, мөлшерін және сыртқы пішінін баптайды.)




  1. Каталог: 2017
    2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
    2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
    2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
    2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
    2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
    2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
    2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
    2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
    2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
    2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет