г) Адамның денсаулығы мен мүшелік кемшіліктеріне байланысты синонимдер: науқас – аурушаң, кемтар – жарымжан – мүгедек – ғаріп, ақсақ – шойнақ – сылтыма, соқыр – әз – көрсоқыр, т.б.
2. Адам мен жан – жануарларға қатысты айтылатын сын есім синонимдер: арық – көтерем – көкбақа, мешкей – жалмауыз, тойымсыз – ашқарақ – қомағай, бұралқы – қаңғыбас, жабайы – тағы, т.б.
3. Барлық жанды – жансыз заттарға қатысты айтылатын сын есім синонимдер: бағалы – құнды – қымбат, қажет – керек – зәру – ділгір, терең – тұңғиық – шыңырау, ескі – көне – бағзы – баяғы – ежелгі – бұрынғы, дайын – әзір, аласа – тапал – кішкене – қысқа, т.б [9, 12 – 13 бет].
Синонимдер – омонимдерге қарама – қарсы лексика – семантикалық тілдік құбылыстар. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады.
Синонимдерге тән өзіндік белгілері болады:
Достарыңызбен бөлісу: |