Бетін қыздыра шарпыған жалыннан көзі жұмылып, кірпігі ауырлап барады (“Боран”, 14 бет).
Пальтосын кие салып далаға шықты. Қас қараюға жуықтаған.(“Боран”, 14 бет).
Күні бойы қой жайып, денесін суық қарып, қалжыраған (“Боран”, 15 бет).
Желмен ұйытқыған қар бетіне, көзіне ұрады, аузына кіріп алқымын қариды. Тортөбелдің жалынан ескен ащы тердің исі танауын жыбырлатады (“Боран”, 40 бет).
Тыныс алуға мұрша бермей жаңағы алдынғы жақтан құлаған ауыр салмақ белін қайыстып барады (“Боран”, 41 бет).
Қорыта айтқанда, жазушы Т. Ахтанов “Боран” романы тілін талдау барысында 13 портрет теріліп, талданды.
Пейзаж
Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез құлқын айнытпай беруге тырысады. ХVII ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.
Кез - келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін ең алдымен, осы элементтерді, әсіресе, ағаштарды сала білуге үйрену керек. Әйтпесе, пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады, барлық ағаштар бірдей болып шығады, жер мен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлттар өзіне тән формаларын жоғалтады [36, 113 бет].
Достарыңызбен бөлісу: |