Жазушы Т. Ахтановтың “Боран” шығармасы тіліндегі пейзаждың қолданыс ерекшелігі мынадай:
Кенет ауаға ызғар кіріп, теріскейде қара бұлт тұтасып келе жатса, да Қоспан асықпады (“Боран”, 7 бет).
Қора маңын тақырлап қоңылтақсып қалған қойлар жаздан бері мал баспаған беткейдің жұқа қарын кішкене тұяқтарымен үсті-үстіне тепкілеп құңжындасып жатыр (“Боран”, 7 бет).
Күн райы бұзылса-ақ қорадан шыға алмай тамақ сұраған баладай шырылдап мазасын алады (“Боран”, 8 бет).
Жазда сусыз болғандықтан мал тұяғы тимей жусаны мен изені ырғалып тұр (“Боран”, 10 бет).
Иесін жауап қатқандай көкшулан саулық маңырап қоя берді (“Боран”, 11 бет).
Дөңқара жұқа қардан бойы асқан қараған, тобылғыс қарауытып жап-жақын көрінеді (“Боран”, 10 бет).
Мамықтай майда қар. Тығыздалған ескі қардың бетін жаңартып қалқып келіп түсіп жатыр (“Боран”, 11 бет).
Теріскейден ызғар лебі келе жатыр. Ышқына соққан зәрлі жел ауаны осып-осып жіберді де,ішін тартып қоя берді (“Боран”, 11 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |