Жұмыстың өзектілігі: Жазушы Тахауи Ахановтың «Боран» романының тілдік қолданысын зеріктеу. Жазушы шығармасындағы көркемдік құралдардың қолданылуын айқындау. Жұмыстың нысаны



бет11/76
Дата08.02.2022
өлшемі120,19 Kb.
#130876
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Байланысты:
Боран романы
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, 19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы
Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз қолданыла беретін синонимдер. Мысалы: абырой – бедел – қадір – құрмет – атақ – даңқ – мәртебе, т.б.
Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас болса да, стильдік жағынан бір – бірінен өзгешеленетін синонимдер. Мысалы: жылау – еңіреу – өкіру – өкпелеу – бұртию – өксу, т.б.
Мағыналық – стильдік синонимдер әрі мағыналық, әрі стильдік белгілер арқылы ерекшеленетін синонимдер. Мысалы: мақтаншақ – бөспе – лепірме – суайт, т.б. [10, 40 бет].
Синонимдер қандай мақсаттарда қолданылады, оның қандай тәсілдері бар дегенде мынадай мәселелер назарда болуы тиіс:
1.Қатар келген сөйлемдерде бір сөзді қайталамау үшін мәндес сөздер пайдаланылады.
2. Белгілі бір ұғымның жан – жақты белгілерін сипаттауда мәндес сөздер бір – біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайласып та келе береді.
3. Белгілі бір ұғымды толық сипаттау үшін қатарынан 2 немесе 3–4 мәндес сөз қатар жұмсалады.
4. Қазақ тілінде екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысының мағынасын күшейтіп, анықтап тұрады. Мұны әдетте плеоназм дейді. Бұлай плеонастикалық тәсілмен жұмсау сөйлемге ерекше ажар беріп, мәнерлі болып шығады. Мәндес сөздердің бір-бірімен қабаттасып, өзара тіркесіп айтылуынан жасалған сөз тізбегі плеоназм немесе плеонастикалық синтагма деп аталынады.
5. Тілдегі синонимдер қосарланып та қолданыла береді.
6. Синонимдер жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де бола алады.
7. Тілімізде кейде құлаққа жағымсыз естілетін сөздерді жұмсартып, тыңдаушыларға жеңілдетіп айту тәсілін эвфемизм дейміз. Осындай тәсілді пайдалану да синонимдерді қолданудың бір жолы болып табылады.
8. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп, яғни бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде немесе соған ерекше назар аударту мақсатында парафраза тәсілі қолданылады.
9. Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады [6, 35 – 37 бет].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет