Хіх ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі



бет1/19
Дата08.02.2022
өлшемі115,98 Kb.
#130873
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
19ғ әдебиетінің зерттелуі


Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................................2




  1. ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдебиетінің зерттелуі..........................................5

    1. Жаңа дәуір әдебиеті.....................................................................................10

    2. ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиеттің басты сарыны...................................13

    3. ХІХ ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі.........14




  1. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің зерттелуі...................................17

2.1 Зар заман әдебиеті......................................................................................20

2.2 Әнші ақын, сал-серілер..............................................................................23

2.3 Айтыс өнерінің зердесі ..............................................................................25
2.4 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі ...................29




Қорытынды...................................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................36









Кіріспе
Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді, түрленіп, түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған ХХ ғасырдың басынан бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды: шұқшия зерттелді.
Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері , оның туу жасау себептері тек қана сырт мазмұндау емес, көркемдік негіздерімен дәлелденіп, айғақтала бастады. ХІХ ғасыр әдебиетінің сан-саласы, оны туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық мұрасы ғылым назарына ілікті. Өкінішке орай, түрлі саяси қаулы-қарар: әдеби мұраны ары тартып, бері тартып саясаттың, идеологияның көкпарына айналдырған тұстар аз болған жоқ: ол уақыттарда көркемдік әлем, сөз өнері жайлы ғылым жаландыққа, жасандылыққа барды, тоқыраған сәттері болды.
Соның өзінде әдебиеттану ғылымы әдеби мұраны жиып, теріп, жариялап, бастырып: зерттеу ісін тоқтатқан жоқ. Соңғы уақыттарға шейін ХІХ ғасыр әдебиеті түрлі атауларымен бөлініп келгені мәлім. Бірақ ол атауларға көбіне сол әдебиеттің көркемдік негізі , әдеби үлгісі емес, көбіне мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы баға негіз болды. Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік деген атаулар әдебиет ерекшелігін ажыратуға қатысты қолданыстар, айғақтар болғанымен, өз мәнінде қолданылды деуге болмас. Бір кездерде біздің әдебиеттану ғылымымызда, көркемдік танымымызда реализм тек Абайдан басталды деген ұғындыру басым болды. Көркем әдебиет реалистік негізсіз тумайтынын, жасамайтының мойындағымыз келмеді.
ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне дейінгі жасап келген әдебиетпен сабақтастығы бола тұра , көркемдік жөнінде де, басылым, шығармашылық тақырып, мазмұн жөнінен де, бірнеше ерекшелігі, айырмасы бар. Негізінен, ХІХ ғасырға дейін ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы болып келсе, енді әдебиет сырт түрі, үлгісі жағынан бірнеше түрлі болды. Ішкі көркемдік сапа жөнінен де көп өзгеріс, жаңалық туды. Х. Досмұхамедұлы халық әдебиетін көркемдік жөнінен жіктеп отырып, ХІХ ғасыр әдебиетінің бір қырын көрсетер мына бір жайларға тоқталады. [1]
«Халық әдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде хатқа түсе бастады. Әдетте оны қызығушылар мен Радлов, Потанин, Ильминский, Мелиоранский сияқты шығыстанушы мамандар жазып алды.Қазақ халық әдебиетінің нағыз жинаушысы этногроф Әубәкір Ахметжанұлы Диваев болды. Қырық жылдан астам уақыт бойы ол шаршамай-талмай қазақ халық әдебиеті үлгілерін жинады, жүйеледі және орыс тіліне аударды». Халық әдебиеті үлгілерін Омбыдағы орыс оқымыстыларының, зиялыларының тапсыруымен Шыңғыс Уәлихановтың, Шоқан Уәлихановтың жиыстырғаны белгілі.
ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақ тіліндегі баспасөзде «Түркістан уәлаятының газетасы», «Дала уәлаятының газетасы » беттерінде әдебиет материалдары, оларға қатысты пікір, сыни ойлар жарияланды.Орыс тіліндегі түрлі басылымдарда, қазақ тіліндегі басылымдарда Алекторовтың, Диваевтың, Радловтың, Лютшьтің еңбектеріндегі әдебиет үлгілері жарық көріп жатты.
ХІХ ғасырда жазба әдебиет туғанын М.Әуезов те нығыздай айтты. М.Әуезов түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар әлеуметшілдік, азаматтық бағыт әкелгенін айтты.
ХІХ ғасыр әдебиетіне байланысты Сәбит Мұқанов 1942 жылы мынандай тұжырым жасады. ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман» әдебиет басым болды. ХІХ ғасырдың 70 жылдардан бастап просветительдік (мәдениет үндеуші) әдебиет туды.
С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиетінде Айтысқа айрықша тоқталды.Айтыс- ХІХ ғасырда жасаған әдебиет үлгілерінің бір түрі еді.Мұқанов жіктеуінде, бөлуінде (1942ж) сыншыл реализм атауы жоқ, Абай дәуіріндегі әдебиетті мәдениетке үндеу деп бөледі.
ХІХ ғасыр әдебиетінің негізгі бітім-болмысы, саяси-тарихи жағдайлары Х. Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішов, Р. Бердібаев, М.Мырзахмедов. М. Мағауин, А. Жақсылықов, Б. Омарұлы т.б ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.
ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері бостандық рухты жырлаған Махамбет ақын, Шернияз.
— зар заман әдебиетінің айтулы тұлғалары Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әубәкір.
— әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Түбек, Марабай.
— атышулы сал серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері.
— қиссашыл ақындар: Қоқан езгісіндегі өңірдің әдебиет өкілдері Сүйінбай, Мәделі, Құлыншақ, Майлықожа , Базар:
— жаңа жазба әдебиет өкілдері: Абай, Ыбырай, Шоқан. [1]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет