Хіх ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі



бет14/19
Дата08.02.2022
өлшемі115,98 Kb.
#130873
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
19ғ әдебиетінің зерттелуі
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
Әнші ақын, сал-серілер

ХІХ ғасырдағы атышулы Біржан сал, Ақан сері, Толыбай, Жаяу Мұса, Ағашаяқ, Әздембай, онан бергі Шашубай, Естай сал тағы басқалары әншіліктің халық өнерпаздығының дәстүрін дамытып, қалыптастырған. Қазақтың әнші-ақындары, сал, серілеріөнердің тұтастық қасиетін бойына жинаған адамдар. Бұлардың көркем өнерінде көне заманның тұтастық, (синкертизм) элементі күшті. Ән-күй, өлең, би әуелінде бөлінбей, тұтас өнер түрінде жасалғандығы туралы ғылымдық қағида қазақтың сал, сері, ақындарының өнер тәжірибесінде де толық дәлелденеді.


Сал, серілер, әншілік, ақындық, жыршылық, аішы-мергендік, спорт-палуандық, сырттай әшекейлік (декорациялық), түрлі күлдіргі ғажап құбылмалы (фокус, жанглерлік) ойындар көрсеткіш – бәрі халық өнерпаздары. Ағашаяқ ірі әнші, ақын халық композиторы болудың үстіне, инеше түрлі спорт ойындарын көретіп отырған. Ысқақ Бегалин (1865 ж. туған) қарт айтады [3.69 бет]:
-Кемпірбай ірі ақын әнші болудыңм үстіне, өнерпаз ойыншы екен. 1879 жылы Семейде үлкен бір жиын болып сол жиында Кемпірбайдың ақындығы мен ойынына жиналған орыс-қазақ қайран қалды. Белгілі Тәттімбет күйші де, Зәрубай өнерпаз да сал-серілерге лайықты дәстүрді сақтаған, халық өнерінің адамдары. Сондықтан бұларды тұтас алғанда, көшпелі ауылдағы халық артистері мағынасында түсінуге болады. Бұл жөніндегі профессор А.Жұбановтың пікірлері орынды. А.Жұбанов сал, сері типіндегі әнші-ақындар тұрақты театры, концерт орыны жоқ, көшпелі ауылдың артистері, сегіз қырлы өнерпаздар (әрі ақын, әрі әнші, әрі артистік өнерге бейім) деп біледі.
«Сал», «сері» деген сөздің өзі ақын, әншілік мағынасында қолданылуының тарихы, қоғамдық мәні бар. «Сал» етістік (салу, салып қою) немесе зат есім (сал байлап өзеннен өту) мағынасында да қолданылады. Раловтың талдап, түсіндірулерінде түркі тілдес елдердегі бірнеше ұғымдарды келтіреді. Сал шор тілінде жерошақ, от орны мәнінде, сағай тілінде шу, дауыстау, дабырлау мәнінде қазақ тілінде жүрген жерін у-шу, думан қылып, көп сөйлеуші, оғаш қыңыр киім киюші адам мәнінде қолданылады дейді. [3.70]
Қазіргі кейбір қария ақындардың айтуына қарағанда, «сал» деген ұғым өрескел жүріс-тұрыспен, есерлік мінездер көрсетіп, былғақтап, дел-сал аурудай жүруден туған. Қазақта бой көрсетпей бастырта беретін, сал ауруы болады, бұл да сал ауруы сияқты былқ-сылқ етіп, әр ауылға барса, қашан басымды қыз-келіншек көтеріп алады деп құлап жатқан мінез тұрыстарына қарай сал аталған деген түсініктерінің көңіл бөлерлік жаны бар. «Сал» деген сөзге Ильминскийдің берген түсінігі де осыған дәл келеді. Сал – «тұлабойым сал-сал болып түсіп барады»деген мысал келтіреді. Қазақта ән айт демейді, ән сал дейді. Осындағы жалғыз етістік мағынасында ғана емес, асқақты ән, күйді айтудың бейнелі мағынасында да қолданылып тұр. [3.71 бет]
Сал, серілер әнсіз өлең айтпаған. Бұлардың ақындық дәстүрінде әншілік шешуші орын алады. Ақындық сөзден гөрі әншілік, музыкалық шығармашылық басым болып отырады. Бұрынғы, соңғы сал, сері типіндегі әнші, ақындар жырлаймын деп өлең бастамайды, ән шырұамайды, ән саламын деп бастайды.
Бұл салдың өзі өлеңші аты Біржан
Сандалтып Орта жүзді әнмен қырған
Атадан Біржан сал боп тудым артық
Аққумен аспандағы ән қосамын.
деген Біржан сал сөзінде айтысты әнмен қыздырғандығын көреміз. Шашубай: «Ал гармоным,гармоным» деп, Нартай ақын «Ән шырқа, жез тіл сырнай, алдым қолға» деп ән шырқау гармонмен, домбырамен кеңесуден бастайды өлеңдерін.
Ал, «сері» бәлкім арабтың сир (сейір) – қыдыру, кезу деген сөзінен туып, серуен, сайран салу мағынасына айналып сонан сері ұғымы қалыптасқан болуы мүмкін.Радлов сир (сейір) қазақ, татар тілдеріндң серігу, тынығу мағынасында екендігін ескертеді.
«Сері»-нің – «сарын», «сарнау» (төлеуіт, шор, сағай, қойбал тілдеріндегідей өлең, ән айту, жырау мәнендегі) деген сөздермен де жақындығы бар. Сырнай да осы сөздермен төркіндес. Қыпшақ тілінің ХІІІ ғасырдағы емкерткіші «Кодекс Куманикусте» «сері» (шері) әскер мағынасында қолданылғандығы айтылады. «Шеру тартып», «Шеру қол».
Қазақ әдебиетінде сал, серілік көне дәуірдегі ақындақ дәстүр екендігіне ешқандай дерек болмаса да, Орта Азия, орыс, сибирь, орта ғасырдағы еуропа, көне шығыс, т.б. елдердің әдебиет, фольклор, этнография тарихында сал, серіге ұқсас ақындық салт болғандығы мәлім. [3.72 бет]




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет