Хіх ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі


ХІХ ғасырдың екінщі жартысындағы ақын-жыраулар қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы



бет17/19
Дата08.02.2022
өлшемі115,98 Kb.
#130873
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
19ғ әдебиетінің зерттелуі
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
ХІХ ғасырдың екінщі жартысындағы ақын-жыраулар қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. Осы ғасырдағы ақын-жазушылар мұралары сан жағынан әлдеқайда көп десек, соның басым бөлігі 1850-1900 жылдар үлесіне тиеді. Содан бергі бір жарым ғасырға жуық уақытты қамтыған әдеби мұраларды жинастыру, көшіріп сақтау, киін оларды мемлкеттік мұрағаттар мен қалжазбалар қорында сұрыптап жүйелеу ісі нәтижесінде ұланғайыр рухани қазына түзілді. Қазақ әдебиетінің бұл дәуірге қатысты материалдарының жарияланғанынан – жарық көрмей сақтаулы жатқандары әлдеқайда көптеп саналады. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы өмір сүрген ақындардың, жыраулардың, өнер саңлақтарының шығармашылығын жинау, оларды жүйелеу, мүмкіндігінше жариялау жұмыстары біртіндеп жүйелілік сипат алды. Бұл қлттық маіызы зор іспен белгілі қаламер, ғалымдардан бастап, әуесқой талант иелеріне дейін айналысты. Олардың ішінде аты кеңінен мәлім ақын-жазушылар да, мәдениет қайраткерлері де, қарапайым ел адамдар да кездеседі. Бұл ХХ ғасырда халық ақындары поэзиясының үлгілерін жинақтауға ұласты. Қазақ әдебиетінің белгілі көрнекті мамандары М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Ә. Қоңыратбаев, Ә.Диваев, Ө.Тұрманжанов т.б. бірқатар қайраткерлердің халықтың маңызы зор шығармашылық жұмыстарының қатарында әдебиет нұсқаларын жинаудағы білікті қызметтері де екрекше шоқтықты көрінеді. Олар жинаған ақындар мұралары туралы қолжазбаларда автордың өмір деректері де, өскен ордасы, әдебиет тағдыры, небір мәтіні туралы небір құнды деректер мен толғамдар кездеседі.
Сонымен қатар, халық арасынан ақындардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде құнды деректер жинап, ғылыми қорларға тапсыруға Қазақстанның барлық аймағынан да жинаушылар атсалысты. Олардың қатарына Қ.Баймағамбетов, М.Жүсіпов, Р.Мәзқожаев, Ә.Қайнарбеков, Е.Құлсариев, Ұ. Толыбеков (Қызылорда), К.Есжанов (Қостанай), С.Керімбеков, Ү.Кәрібаев, Е.Құлсариев (Алматы), Ж.Шаңғытпаев, Ш.Қалмағамбетов, М.Әлмұратов (Ақтөбе), Қ.Амантаев. Н.Айтжанов, Қ.Байболов (Оңтүстік Қазақстан), Ж.Жантөбетов (Жамбыл), Е.Құнанбаев (Шығыс Қазақстан), Қ. Айнабеков (Қарағанды), С.Бүкіров (Жезқазған), З.Бекарыстанов (Маңғыстау), Қ.Биғожин (Солтүстік Қазақстан), Қ. Саттаров (Ташкент) сынды жинаушылардың есімдері әдебиет мамандарына жақсы таныс. [3.501 бет]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет