Сабақтың тақырыбы. «Думан» ойын сауық орталығы. Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі42,5 Kb.
#34389
түріСабақ
Қазақ тілі 2 сынып.(ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы. «Думан» ойын – сауық орталығы.
Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту, толық мәлімет беру;

ә ) Оқушылардың жаңа тақырып бойынша ойлау қабілетін, білімдерін дамыту;

б ) Жаңа тақырыпқа байланысты оқушыларды Отанына, еліне, тілге деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: сөйлесу, сұрақ – жауап, аударма.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, сызба, карта, бейне таспа, плакат.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.

II.Үй тапсырмасы

-Үйге тапсырмасына шолу. 5- тапсырма 78-бет.
III.Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюмен ашу.

  • Астана қаласына барғандарың бар ма?

  • «Думанды» көрдіңдер ме?

  • Өте жақсы балалар.Сабақтың соңында осы сұрақтарға қайтадан ораламыз.

1 ) Кіріспе сөз.

Қазақстанның елордасы – Астана қаласы.Астанада «Думан» ойын –сауық орталығы бар.Ол 2003 жылы ашылды. «Думанда» үлкен мұхитарал, «Джунгли» театры, аттракциондар, ертегі қалашығы, роллердром, киноаттракциондар бар. «Думан» Қазақстан бойынша ең үлкен орталық.

а) «Думанға » қалай баруға болады?

Картадан көрсете отырып, түсіндіру.

б)Астана туралы, «Думан» ойын- сауық орталығы туралы бейнетаспадан көрсету.

2) Жазба жұмысы.

«Думан » сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Думан-2 буын, 5-әріп, 5-дыбыс.

д-дауыссыз, ұяң;

у-дауысты, жуан/жіңішке;

м-дауыссыз,үнді;

а-дауысты,жуан;

н-дауыссыз,үнді.

а) Септік жалғауларының көмегімен қазақша сөйлеп үйренеміз,дәптерге жазамыз.

А.с Кім? Не? Думан

І.с. Кімнің? Ненің? Думан- ның залы.

Б.с. Кімге? Неге? Думан-ға бардым.

Т.с. Кімді? Нені? Думан-ды көрдім.

Ж.с.Кімде?Неде? Думан- да болдым.

Ш.с.Кімнен? Неден? Думан- нан келдім.

К.с.Кіммен?немен? Думан- мен жүрдім

3)Жасырылған жұмбақтар жазылған плакатты тақтаға іліп, оқушылардан шешімін сұрау.Аударма жасап, ойлануға уақыт беру.

а)Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар. (тасбақа).

ә) Джуглиде өскен жасынан,

Епті бала болыпты.

Багира, Бану достары,

Шерхан оның қас жауы. (Маугли).

Шешуін тапқан оқушыларға «мақтау» сөздер айтылып, бағаланады.

4)Айтылуы қиын сөздерді, мұғалім бастап айтады, оқушылар хормен қайталайды.

Мысалы: Мұхитарал, аттракцион, роллердром, киноаттракцион.

а) Дәптермен жұмыс.

«Думанда» не бар? Сұрағына жауап беру арқылы қазақша сөйлеуге үйрету.

«Думанда » мұхитарал, ертегі қалашығы, аттракциондар, «Джунгли» театры, роллердром, киноаттракциондар бар.

5)Астана қаласында болған оқушылармен диалог жүргізу.

- Астанаға қашан бардың ба?

- Думанға кірдің бе?

-Қызықты сәттер туралы?

-Астана ұнады ма?

-Тағы да барғанды қалайсың ба?

Оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойларын айтып,алған әсерлерін бөлісуге үйрету.
IV.Сергіту сәті.

6) Берілген сөздерден сөйлем құрап айту.(тақтаға плакат ілінеді)


Болды қызық «Думанда » өте.

Бардық отбасымызбен «Думанға» біз.




Бар «Думан» Астанада.

ә) Сөздерді буынға бөлгізу.

Ас – та- на, Ел- ор- да, Ду – ман.
V.Жаңа сабақты бекіту.

7)Логикалық ойын.

Тақтаға мына сөздерді ілеміз.

Акула, балық, тасбақа, сегізаяқ, қолтырауын, дәмхана, қызық, маймыл. Осы сөздердің орысша жазылған нұсқасын оқушыларға жапсырма қағазбен үлестіреміз.Оқушылар орысша сөздер жазылған стикерді қазақшасына апарып жапсырулары қажет.Бұл, ойын оқушыларды тез ойлап, шапшаң қимылдауларына әсер береді.

8) – Бүгін қандай тақырып өттік?

- «Думан» қайда?

-«Думанда» не бар?

-Жаңа тақырып ұнады ма?

Тақтаға плакат ілінеді.

Жаңа тақырып

ұнады

ұнаған жоқ

орташа










Оқушыларға жапсырмалы стикер қағазы таратылып, әр тұстарына жапсырулары керек.Сол жапсырылған қағаздар арқылы жаңа сабақты бекіту.
VI.Үйге тапсырма беру.

9)Үй жұмысына 5 – тапсырма.Сұраққа жауап жазу.(қазақша).81 – бет.
VII.Қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет