Хіх ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі


ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетінің негізгі сипаттары, басты сарындары



бет6/19
Дата08.02.2022
өлшемі115,98 Kb.
#130873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
19ғ әдебиетінің зерттелуі

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ әдебиетінің негізгі сипаттары, басты сарындары.

Әдебиет тарихына «Бес ғасыр жырлайды» деген жалпы атпен кірген жыраулар поэзиясының әлеуметтік тақырыбы, көркемдік бітімі, халықтық мақсат-мүддесі қаншалықты айқындалып, жинақталып, тұтастықпен көрінсе, нақ осы белгілер ХІХ ғасырдағы әдеби көркемдік даму үрдісінің басты арқауына айналды жаңа дәуір ақын-жырауларының шығармалары мен тебіреністі толғауларынан сол Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберділердің тегеурінді жігерінің,өткір сөз түйіндерінің, күрделі топтарының ұшқындары, іздері сезілсе, бір жағынан, нақ сол шығармалар тақырып жаңалығымен, көкейкесті әлеуметтік мәселелерімен, ағымдағы тарихпен етене жақындығымен жаңаша бастау көзін ашқандай еді.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен сабақтастықта қарау қажеттігі осындай әу бастан жаратылысы бір көркемдік құбылыстардың ішкі бірлігінен туындайды.
Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалық Ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік реформалар сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармалырының өзекжарды тақырыбына айналмауы мүмкін емес еді. [2.17 бет]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет