Хіх ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі


ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің зерттелуі



бет9/19
Дата08.02.2022
өлшемі115,98 Kb.
#130873
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
19ғ әдебиетінің зерттелуі
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің зерттелуі

Жоғарыда айтылғандай ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби даму заңдылықтарының басты ерекшеліктерін саралап көрсетуге сол кезеңде өмір сүрген ақындардың мұраларын талдап зерделеуге «Қазақ әдебиеті тарихының» бесінші кітабы арналған.
Сонымен, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші - бесінші кітаптары тұтас бір ғасырдың әдеби тарихын қамтиды. Бұл ғасыр әдебиеті өз уақытына сай жедел дамыған, жаңғыру үрдісі кең, мазмұны барынша бай әдебиет болуына орай, әр жылдарда оның тарихи-теориялық мәселелері де жан-жақты зерттеліп отырды. Академиялық зерттеу еңбектерінің ішінде 1961 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» үш томдығының екінші томының тұтас бір кітабы осы ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихына арналған еді. Осы кезеңнің әдеби мұралары өткен ғасырдың өзінде көрнекті зерттеушілердің жарыққа шығарған жинақтарында жарияланды. В.В. Радловтың «Түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» атты кітабы (1870 ж.), Я. Лютштің «Қырғыз хрестоматиясы» (1883 ж.), А.Е. Алекторовтың «Қырғыз хрестоматиясы» (1889 ж.), Ы. Алтынсаринның «Қырғыз хрестоматиясы» (1879 ж.), «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» (1911 ж.), т.б. бірнеше кітаптарда қазақ әдебиетінің ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы шығармалары баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың бәрі де қазақ әдебиетінің тарихында елеулі із қалдырды, әрі олар ХІХ ғасырдың екінші жартысында баспа бетінде шыққан еді.[3.7]
Ғалымдар мен әдебиетшілер осы кезеңдегі әдебиет тарихына арналған еңбектерін әр жылдарда жариялап жұртшылық назарына ұсынып отырды. Бұл орайда С. Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931 ж.), «Қазақ әдебиеті» (1932 ж.), С. Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932 ж.), «ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942 ж.), М.Әуезов, М. Жолдыбаев, М. Қаратаевтың «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1933ж.), т.б. еңбектер күні бүгінге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты академиялық көптомдық зерттеу еңбегі әдебиет тарихын, оның ішінде ХІХ ғасыр әдебиетінің мұраларын зерттеудегі межелі бір белес болса, одан кейінгі кезеңдерде де ХІХ ғасыр әдебиеті жайында белгілі ғалымдардың, қаламгерлердің зерттеу еңбектері мен көзқарастары түрлі деңгейде жарияланып келді. [21.7бет]
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет тынысын зерделеуге арналған бесінші томда бұрынғы зерттеу жұмыстарына да методологиялық тұрғыдан назар аудара отырып, көптеген әдеби мұралар жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында рухани дүниенің жаңғыруына, әдебиетті жаңа ұлттық таным өресінен тануға ұмтылыс басымдықпен жүргені аян. Сол мақсатта көптеген бұрыннан мағлұм шығармалар мен авторлардың дүниетаным тұжырымдары тарихи шындыққа сәйкес талданды. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен қазақ қоғамының тарихы арасындағы жанды байланысқа баса назар аударылып, содан туындайтын көркемдік шындық пен тарихи шындықтың аражігіне көңіл бөлінді. Жаңа әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің өзара үндестігі мен көркемдік-эстетикалық бағыттарының аражігі ескеріліп сөз болды. Ғасырдың екінші жартысында пайда болып ұлттық әдебиетті әлемдік мәдени процесс биігіне көтерген Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев тұлғалары мен олардың әдебиеттегі мәртебелі реформаторлық қызметіне арнайы тоқталып өту қажеттігі бүгінгі таңда аса айқын көрінді. Сондықтан да, ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасырда да қанат жайды.
Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХІХ ғасырдың соңынан бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын арқауына айналды. Осы кезеңде қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен соңына қарай әдебиет жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың сара көрінісіне жол ашты. Қазақ әдебиеті тарихының бесінші томы осындай әдеби даму арналарының басты-басты сипаттарына ден қоюмен ерекшеленеді. [3.8 бет] Бұның өзі аталған кезеңнің әдебиет тарихындағы орасан зор маңызын көрсетеді.
Бесінші томды әзірлеуге әдебиеттанудың көрнекті мамандары ат салысты. Жас әдебиетшілер еңбектерімен қоса, осы дәуір заңдылықтары туралы терең із қалдырған ірі зерттеушілердің көзқарастары мен еңбектері де ұжымдық зерттеу ісінде өзіндік орнын тапты. Көптеген ақындардың шығармалары мен өмірбаян деректері туралы қысқа тұжырымды шолу дәйектері ұсынылды. Он алты көрнекті ақынға арнайы монографиялық сымбаттамалар әзірленді. Бесінші томның алғы сөзін, ғылыми шолу мақаласын («ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті») филология ғылымдарының докторы, профессор, зерттеу жобасының жетекшісі А.Қ. Егеубаев жазған. 
Монографиялық тарауларға ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор З. Ахметов пен ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасовтың («Абай Құнанбаев»), академик З. Ахметовтың («Шоқан Уәлиханов», «Шәңгерей Бөкеев»), ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Ысмайыловтың («Біржан Қожағұлұлы», «Әнші-ақындар, сал-серілер»), филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Бердібайдың («Мұсабек Байзақұлы», «Құлыншақ Кемелұлы», «Ергөбек Құттыбайұлы»), профессор Ж. Ысмағұловтың («Ыбырай Алтынсарин», «Нұржан Наушабаев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Келімбетовтің («Шәді Жәңгіров»), филология ғылымдарының докторы А. Нұрқатовтың («Ақан сері Қорамсаұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жармұхамедұлының («Базар жырау Оңдасұлы», «Қожабай Тоқсанбайұлы», «Серәлі Еруәліұлы»), профессор М. Жармұхамедұлы мен Т. Әлбековтің («Айтыс»), филология ғылымдарының кандидаты Қ. Сыдиықовтың («Ақтан Керейұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбілқасымов пен филология ғылымдарының кандидаты С.Қожағұлұлының («Әсет Найманбаев»), филология ғылымдарының докторы, профессор У.Қалижанның («Ақмолла Мұхамедиярұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаровтың («Мұрат Мөңкеұлы»), филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ә. Оспановтың («Майлықожа Сұлтанқожаұлы»), филология ғылымдарының кандидаты Б.Ердембековтің («Әріп Тәңірбергенов») атты зерттеулері қосылған.
Сондай-ақ томды баспаға әзірлеп, библиографиялық көрсеткіштерді түзуге Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері Ж. Керімбек, А. Сейітова, аспирант Ж. Күжіманова мен аға лаборант З. Тоқсанбаева қатысқан. [3.9 бет]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет