Хіх ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі


ХІХ ғ. алғашқы жартысындағы ақын-жыраулар мұрасы мен зерттелуі



бет8/19
Дата08.02.2022
өлшемі115,98 Kb.
#130873
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
19ғ әдебиетінің зерттелуі

ХІХ ғ. алғашқы жартысындағы ақын-жыраулар мұрасы мен зерттелуі

Осы ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары тарихи-әлеуметтік сипаттары мен өзекті ерекшеліктері жөнінде әр жылдарда Х.Досмұхамелов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, М.Мырзахметов және тағы басқа белгілі әдебиетшілердің зерттеулерінде жүйелі талданып отырды. ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихы мен теориялық мәселелеріне қатысты зерделеу әлі де жалғасын табатындығы күмәнсіз. Тек қана осы кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихында бұрын-соңды түрлі себептермен жете назар аударыла қоймаған тақырыптар мен мұралардың өзі әдебиеттанудың алда тұрған міндеттерінің әлі де мол екендігін аңғартса керек. Қазақ әдебиетінің бұл ғасыры ең бай да, тегеурінді даму кезеңі болумен бірге, ұлттық эстетикалық таным дүниесінің соншалықты шұғыл құнарланып, заманға сай құбылысты үрдіске ұласқандығын көрсетеді. Ғасырдың алғашқы кезеңіндегі әдеби заңдылықтар дәуірдің екінші жартысына, соңына қарай дәстүрлі арнасын сақтаумен қатар, жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Түлеп-түрленді, ұлттық мәртебесі барынша айқындалып, халықтық сипаты даралана түсті. Ол даму желілері тиісті зерттеулер мен қолжазба қорларындағы мұралардан да, шығармалардан да, жан-жақты байқалады. [2.373 бет]
ХІХ ғасыр ақындарының шығармалары деп жарияланған мұралардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы Орталық Ғылыми кітапханасындағы қолжазбалар қорында және өнер институтының қолжазба бөлімінде сақтаулы. [2.375 бет]
ХІХ ғасырдан бастап орыс ғалымдар мен қазақ оқығандары ел аралап, жыршы-жыраулардың орындауларынан естіп, жазып алған, кейбір ақындар шығармаларын Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Орынбор, Омбы, Томск, Астрахань және тағы басқа қалалардағы мұрағаттар мен мұражайларға, қолжазбалар қорына өткізген.
Ауыз әдебиетінің үлгілерінен бастап әр ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармаларын ұқыптап, жинаған Мәшһүр Жүсіп Көпеев еңбегінің қадірі күн санап көтеріліп келеді. «Қарамес» деп аталатын төрт кітап қолжазба XVIII ғасырдың тоқсанынышы жылдарынан бергі бірнеше белестің қазынасы іспетті. Кезінде Мұрат, Нұрым, Ғұмар, Қараш, тағы басқалардың ерекше зерек зердесінен жазылып алынып, кітап болып жарияланған қолжазбаларға түскен мұралар да қымбат қазына.
Ел ішінде қазақ ақындарының шығармаларын ыждаһатпен жинап, рухани игілігімізге айналдыруға атсалысқан зерделі де зиялы қауым өкілдері көп. Олардың есімдері де әдебиет тарихында лайықты аталуы заңды. Мысалы, Әміре Әнәпияұлы, Шорман Бітебайұлы, Үбіжар Толыбеков, Қалмұхамбет Байғұлы, Ерғали Есенжолов, Хасан Ғали, Садуақас Шорманов, Мүрсейіт Бікеұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Әбілқасым Наурызбаев, Ғаббас Елеусізов, Ғалымжан Мұқатов, т.б. есімдері әдебиет мамандарына танымал. Қолжазбалар қорына көз салғанда осы ғылыми маңызы өте зор іске туған әдебиетіміздің көрнекті тұлғалары мен білікті мамандары да ыждаһатпен атсалысып отырғандығын байқаймыз. Бір ғана Шал Құлекеұлының қолжазба мұраларның жинақтауына үлес қосқандардың қатарынан Қ.Жантілеуов, Ф.Ғабитова, Т.Ысмайылов, С.Сауытбеков, А.Нұрқатов, Р.Нұрғалиев, М.Мағауин, Ш.Уалиханов, Ғ.Малдыбаев, Ғ.Елеусізов, Хасан Ғали секілді ондаған белгілі-белгісіз есімдер тізбесін көруге болады. [2.376 бет]
Бұрынғы Омбы облысы, Бостандық ауылының тұрғыны Әміре Әнәпияұлы (1891 жылы туған) қолжазбаларды 1950 жылдардан бастап жинастырып, қағазға хаттаумен айналысқан. Өзі де он екі жасынан өлең шығара бастаған, өз ортасына танымал адам. Ал Тұрлыбек Сыдықов 1960 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған Омбы экспедициясымен барып Шал (Тілеуке) Құлекеұлының «Шежірелі қартың болса», «Жақсы болса туғаның», т.б. нақыл ғибрат өлеңдерін әкелген. Ал, Шорман Бітебайұлы қазақ қолжазбаларын 1880 жылдардан бастап жинастырған. Бітебайдың әкесі Жантиын да жазба мұраларды жинақтап сақтаумен айналысқан. Сөйтіп, қолжазба мұраларды жазып, жинастыру тиісті мұрағат орындарына тапсыру әкеден балаға, немереге жалғасып, белгілі бір әулеттік сипатқа ұласқан. Бұл ұлттық әдебиет тарихының әр кезде ілтипатпен айтылып, отыруға тиісті өркенді қадірлі дерегі. Бұл қолжазбаны 1960 жылғы Омбы экспедициясын басқарған С.Ордалиев тауып әкелген. Қазан университетінің татар қолжазбасы қорында татар жазушысы Хасан Шаяхметұлы Ғалидың жинаған материалдарының барлығын 1976 ж Қазан қаласына барған сапарында Қабиболла Сыдиықов анықтады.
Хасан Ғали жинақтамалырының ішінде татар материалдарымен қатар қазақ, башқұрт, өзбек, түрікмен, саха, әзербайжан, ұйғыр, қырғыз сияқты түркі тілдесихалықтарының ауыз әдебиет, әдет-ғұрпы, тарихы, тілі туралы бай дүниелер кездеседі. Хасан ол үлгілерді ХХ ғасырдың басынан бастап жинаған. Сол жинағандарын 1937-1940 жылдары Қазан университетінің ғылыми кітаханасына тапсырған. Жинаған қолжазбалар ішінде XVIII-ХІХ ғасырларда жасаған қазақ ақындарынан – Шалкиіз, Махамбет, Мұрат, Шернияз, Бұқар, Шал, Ақмолла, Әбубәкір т.б. ақын-жазушылар мұрасы және ауыз әдебиетінің үлгілері де сақталып тұр. Мұндай деректер Қазақстанның өзге өңірлерінде де жиі кездеседі. Осы секілді қазақстанның өзге де мұрағат қорларында сақталған қазақ ақындарының еңбектері жайлы деректер көп. «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты он томдық жинақтың төртінші томының қосымша бөлігінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген 16 ақынның 346 шығармасының қолжазбасы жөнінде мәлімет беріліп, жиналу жайы, жинаушысы, экспедициясы туралы айтылған. Сонымен қатар, осы ақындардың қолжазбаларынан өзге М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорынан 374 шығарманың түп нұсқасының аты, жинауышалары және тізімі көрсетілді. Ақын-жазушылардың қашан, қай кезде өмір сүргендігі, ата-тегі көрсетілген. Бірқатар ақындардың осы кезге дейін тек аты ғана белгілі болып, фамилиясы беймәлім, болса, қолжазбаларды зерттеу кезінде мүмкіндігінше олардың толық аты-жөні анықталды. Мысалы, ХІХ ғасырда өмір сүрген Көкшетаулық Орынбай ақынның фамилиясы бұған дейін көптеген кітаптар мен зерттеу еңбектерінде «Кертағыұлы» деп айтылып, жазылып келді. Соңғы түскен Орынбай ақынның туысы Молдахмет Ержановтың, қарт журналист Мұқаш Мәжікеевтің тапсырған мәлеметтеріне сүйене отырып, ақынның фамилиясы «Кертағыұлы» емес, «Бертағыұлы» екендігі анықталды. [2.377 бет]
В.В.Радлов бастырған «Образцы народной литературы тюркских племен» («Түркі тайпалар халық әдебиетінің үлгілері») кітабының 3-томында (1870) Шөже, Бұқар, Орынбай, Сабырбай ақындардың өлеңдері мен айтыстары жарияланған. Бұл нұсқалар аталған ақындардың өз айтуымен жазып алынған шығармалар. В.В. Радлов жариялаған «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілерінің» еңбегінің қолжазбасы сақталмағандығы белгілі. «Көкселдір» жинағында да Ш.Бөкеев, М.Мөңкеұлы, Махамбет, Шернияз өлеңдері жарияланған, бірақ олардың қолжазбалары табылмаған. [2.378 бет]




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет