Ұйымдастыру
1 минут
Жаңа сабақ
3-5 минут
Тапсырмалар
10 минут
Бекіту
3 минут
|
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
9-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Күн энергиясының артықшылығы.
Бүгінгі сабақта сенің білетінің:
• Күн энергиясының адамзат өміріндегі маңызы мен артықшылығы туралы біледі.
Сенің меңгеретінің:
мәтіннің мазмұнын түсіндіңіз;
сұрақтарға жауап бердіңіз;
Күн энергиясының адамзат өміріндегі маңызын білдіңіз.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа сабаққа ой тастаймыз.
Оқушыларға Күн энергиясының адамзат өміріндегі маңызы мен артықшылығы туралы қысқаша мәлімет беріліп, бейнежазба көреді.
1-тапсырма
Адам өміріне қажетті баламалы энергия көздерін кластерге жазыңыз
Дескриптор:
- диаграмманы толықтырады.
Өзіңді тексер!
Адам өміріне қажетті баламалы энергия көздері:
2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Алғашқы Күн батареясы пайда болған ғасыр?
2. Күн батареясын қай жылы ойлап тапқан?
3. Күн электр стансылары шамамен неше жыл жұмыс істейді?
4. Күн сәулесін электр куатына айналдырған ел?
Дескриптор:
- мәтінді оқиды;
- сұрақтарға жауап береді
Өзіңді тексер!
1. Алғашқы Күн батареясы пайда болған ғасыр?
Алғашқы Күн батареялары ХІХ ғасырда Францияда пайда болды.
2. Күн батареясын қай жылы ойлап тапқан?
1953 жылы Күн батареясын ойлап тапты.
3. Күн электр стансылары шамамен неше жыл жұмыс істейді?
Күн электр стансылары шамамен 30 жыл жұмыс істейді.
4. Күн сәулесін электр куатына айналдырған ел?
Күн сәулесін электр қуатына айналдырған АҚШ .
3-тапсырма.
«Балық қаңқасы» диаграммасын толтырыңыз.
Балықтың басына мәтіндегі баламалы энергия көзін жазыңыз.
Балықтың қаңқасына Күн электр стансыларының тиімділігін жазыңыз.
Балықтың құйрығына Күн энергиясының адамзат өміріндегі маңызын жазып, қорытыңыз.
Дескриптор:
- диаграмманы толықтырады
Өзіңді тексер!
Балықтың басына мәтіндегі баламалы энергия көзін жазыңыз.
Баламалы энергия көздерінің бірі – Күн сәулесінен алынатын қуат.
Балықтың қаңқасына Күн электр стансыларының тиімділігін жазыңыз.
Қоршаған ортаға зияны жоқ, экологиялық тұрғыдан таза, пайдалануға ыңғайлы, дыбыс шығармайды, қауіпсіз, 30 жыл жұмыс істейді.
Балықтың құйрығына Күн энергиясының адамзат өміріндегі маңызын жазып, қорытыңыз.
Күн энергиясын қолдану жердегі климатты сақтайды әрі энергияны үнемдейді.
Бүгінгі сабақтан меңгергеніңіз:
мәтіннің мазмұнын түсіндіңіз;
сұрақтарға жауап бердіңіз;
Күн энергиясының адамзат өміріндегі маңызын білдіңіз.
Қосымша тапсырма:
Берілген сілтеме бойынша ақпаратпен танысыңыз.
Сұқбатта көтерілген мәселе жайында қысқаша баяндаңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=h77IjJjh2_U
|
Видео-аудио суреттер, кесте, диаграмма, презентация, электронды құралдар, т.б.
|