Жұмыстың тақырыбы: «Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра» Жұмыстың мақсаты



бет1/5
Дата05.11.2016
өлшемі2,08 Mb.
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысы

Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ қарасты

«Өмірлік орта мектебі» мемлекеттік мекемесі


Жұмыстың тақырыбы: «Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»

Жұмыстың мақсаты: Тарихи-өлкетану мұражайының ауыл мен мектептің мәдени өміріндегі алатын орны мен маңызын анықтау.

Жұмыстың міндеттері: Мұражайдағы экспонаттардың кейінгі ұрпақ үшін маңыздылығын теориялық тұрғыдан қарастыру

Тақырыптың өзектілігі: Далабай өлкесінің тарихын оқушыларға насихаттау, мұражайдағы экспонаттармен таныстыра отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Жұмыста Мұражайдағы негізгі экспонаттар туралы жазылған. Онда Ақынның өмірбаяны, отбасы, мектеп пен ауыл тарихы және социалистік еңбек ерлеріне арналған экспонаттар орын алған. Ең басты көрмелер: Ұлы отан соғысының ардагерлеріне арналған көрме, Тың игерушілерге арналған көрме, Н.Ә.Назарбаевқа арналған көрме.



Жұмыс мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Мұражай тарихы

  2. Мұражайдың ооқушылардың мәдени өмірінде алатын орны.

  3. Мұражай туралы сын-пікірлер.

  4. Экспонаттар.

Ақын Қарсақ Қопабайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайы.

1991 жылы Далабай ауылындағы Өмірлік орта мектебінің ең алғашқы түлектерінің кездесу кеші өткен болатын. Ол кешке Сейтжанов Аманжол-Қима ауданының әкімі, Малищук Н.А – Тассуат совхозының директоры, Айтжанов А – Алуа совхозының директоры, Дуйсенбеков Ж.Д – Державин ауданының прокуроры, Яковлев Н.-Нахым ауылының әкімі, Тайканова К.Т-Тассуат мектебінің директоры және т.б азаматтарымыз бен азаматшалырымыз қатысты. Сол кездегі Браталюбовка совхозының партия ұйымының хатшысы болған Саматанов Баянды Абильденович 1992 жылы ауылдың ақын импровизаторы Қарсақ Қопабайұлына 110 жыл толатындығын және оны атап өту керектігі туралы ұсыныс жасады. Ұсынысты түлектердің барлығы қолдап, әсіресе бұл идея Нурикамал Сейтжановаға ұнап ол мерейтойды облыстық көлемде атап өтейік деген тағы да бір керемет ұсыныс айтты.

1991 жылдан бастап Қарсақ ақынның құрметіне мұражай ашу идеясы біртіндеп жүзеге аса бастады. Мұражайдың ашылуына арнап мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып сондай- ақ ақынның ескерткіші де жаңартылды.

Мұражайдың дизайны Абильденова Марияш Даманқызының басшылығымен жасалды. Ал мұражайдың ашылуына арналған іс-шараларды ұйымдастыруды түлектер өз қолдарына алды. Бұл мерейтойға байланысты ауылымызда да біраз дайындықтар жүргізіліп, үлкен көшелерге асфальттар төселіп жаңартылды. Мерейтойға облыстан және ауданнан қонақтар шақырылып мұражай салтанатты түрде ашылды. Сндай- ақ Қонысбай Әбілов ұйымдастырған ақындар айтысы өтіп, бұл айтыста Амангелді ауданының тұрғыны Орманщина Ғалия 1-орынды иеленді. Бұдан басқа «қазақша күрес», «Бәйге» сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, киіз үйлер орналастырып қонақтарды сонда күтті. Осылайша патриот түлектердің арманы орындалып көптен күткен Қарсақ Қопабайұлы атындағы мұражайдың негізі қаланды.



23 жылдық тарихы бар өлкетану мұража йының ауылдың және мектеп өмірінің мәдени саласында алатын орны ерекше, өйткені мектептегі тәрбие сағаттары, мерекелік іс-шаралар, рухани сағаттар және де тарих пәні бойынша өлкетану тақырыбына арналған сабақтар мұражайда өткізіледі.



Мұражайда ұйымдастырылған наурыз мерекесінен көрініс

Сондай-ақ ауылымызға келген қандай қонақ болмасын ең алдымен өлкеміздің тарихынан, мектебіміздің тарихынан сыр шертетін мұражаймен таныстырамыз. Сол қонақтардың бірі де бірегейі облыс әкімі С.В Кулагин мектебімізге келіп мұражайға саяхат жасау барысында біздің өлкенің және мектебіміздің тарихымен таныса отырып мұражайдағы орын алған құнды экспонаттарды тамашалап өте жоғары баға беріп кетті.



Сондай ақ мұражайға келген қонақтарымыз ризашылығын білдіріп мұражайдағы сын-пікір кітабына өз пікірлері мен тілектерін жазып қалдырады.



Каталог: 6A95A4048CCBBF88
6A95A4048CCBBF88 -> «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді жолдры»
6A95A4048CCBBF88 -> Сабақ Тақырыбы: «Мағынасы қарама-қарсы сөздер»
6A95A4048CCBBF88 -> Оқу жылындағы химия-биология пәндерінің берілуі туралы есебі Пән мұғалімі туралы ақпарат
6A95A4048CCBBF88 -> Оқу жылындағы математика және информатика пәні бойынша атқарылған жұмыстардың жылдық есебі
6A95A4048CCBBF88 -> 4- сынып Күні: 15. 01. 2016ж Пәні: дүниетану Тақырыбы
6A95A4048CCBBF88 -> Сабақ барысы: Бағалау парағы
6A95A4048CCBBF88 -> Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: Аралас сабақ
6A95A4048CCBBF88 -> «Жырлайды жүрек»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет