Жұмыстың тақырыбы


Қазақ емшілігінің қолданған емдік дәрілері



бет5/12
Дата23.11.2023
өлшемі3,2 Mb.
#193121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
537 Орынбай Айзере (Дарын1) оригинал

2.1.2.Қазақ емшілігінің қолданған емдік дәрілері.
Ал енді медициналық қазақи қолданған емдік дәрілердің қайнар көзіне келейік. Қазір емшілері ауруға қарсы күресте алуан түрлі дәрі-дәрмектерді пайдаланған. Осы шипалы дәрі-дәрмектің көзі- ұлы табиғат және табиғат дүниесіндегі хайуанаттар мен жәндіктер, өсімдіктер. Нақтылап айтқанда бұлар үш түрге бөлінеді:

  1. Өсімдіктер

  2. Хайуанаттар мен жәндіктер

  3. Минералдар

Осы үшеуінің ішінде біз тақырыпқа сай өз жерімізде кездесетін минералдар, алкоидтар, бейорганикалық заттарды алайық.
Минералдар. Мыс, сынап, күкірт, ашутас т.б Мұнан басқа қазіргі заман дәрігерлерінің көптеген органикалық алкоидтар мен бейорганикалық тұздар қолданылады. Мысалы: сірке суы, спирт, алмаз тазаланған сор, ас тұзы, наркүміс тотияйын. Ал дәрілерді жасау сақтау, өңдеу әдістеріне келейік. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін төмендету үшін өңдеу жүргізіледі .Күйдіру әдісіне: дәрілік материалдарды күйдіріп, қып-қызыл болғаннан кейін суық суға немесе сірке қышқылына батырып бірнеше рет суарады. Бұл дәрілік материалдарды жұмсартып, оңай талқандау үшін пайдалы. Суға езу әдісіне: кейбір суда өздігінен ерімейтін дәрілерді,минералдар (тастар),сыр сияқтылар .Бұларды ұсақтап,талқандап ,онан соң металл келіге салқын су құйып, бейне бір құрт езгендей келсаппен түйгіштесе, дәрінің нілі суға шығады. Шыққан нілді дәрі ретінде қолданылады. Өңделген дәрілердің түрлеріне: қайнатпа дәрі, ұнтақ дәрі балды дәрі, бытыра дәрі, балшық дәрі, сылама дәрі, ашытатын дәрі, шарбат дәрілер жатады.
Қайнатпа дәрі. Бұл ең көп қолданылатын дәрі. Дәрілерді қайнатқанда алдымен рецептіге араластырып, дәрі бататындай етіп,су құяды да 30 минут қайнатады.
Ұнтақ дәрі. Ұнтақ дәріні қазақ емшілері көп қолданылады.Рецепке негізделіп дәрілерді қайта-қайта талқандап, елеп, ұнтақтап шығады. Ұнтақ дәрінің артықшылығы.Бұл ,сақтауға,ішуге,және сыртқы денеге пайдалануға қолайлы.
Балды дәрі. Рецептегі дәрілерді талқандап ,електеп өткізіп,ыдысқа салғаннан кейін белгілі мөлшерде бал қосып,азырақ қыздырып, араластырады. Қамыр секілді қайта-қайта илеп, иі қанғаннан кейін тақтайдың бетіне қойып, бауырсақ секілді кеседі де, үлкен кішілігін бірдей етіп домалақтайды.
Бытыра дәрі. Дәрі ұнтақталып, әзірленгеннен кейін тақтайдың үстіне азырақ қайнаған су шашып, дәрі ұнтағын аздап сеуіп, тақтайды шайқап қозғайды, біркелкі дымқылданған соң, щеткамен ептеп сипаса дәрі домалақтанады. Жасап болғаннан кейін кептіріп сақтайды.
Балшық дәрі. Халық емшілері балшық дәріні ішуге жәнә сыртқа қолдануға арнап жасайды.Сыртқа қолданатын балшық дәрі тері ауруларына ( жара, мерез, шиқан, уытты ісіктер мен қотырларға) қолданылады. Дәрілік материалдарды талқандағаннан кейін, шыны ыдыста сапты аяқта уқалағышпен уқалап( май қосып) өлтіріп жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет