Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері



Дата08.12.2023
өлшемі14,82 Kb.
#195552
түріДиссертация
Байланысты:
дисс


мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын, көмекші құралдар жазуда пайдалануға болады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздерін отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының сын, зерттеу еңбектеріндегі ой-пікірлері, тұжырымдары құрайды. Сонымен қатар зерттеу жұмысының барысында қазақ әдебиеті тарихы, әдебиет теориясы және әдеби сын саласындағы ғылыми еңбектер басшылыққа алынды.
Диссертациялық жұмыстың зерттеу әдістері: Диссертациялық жұмыста психологизм дамуының теориялық-методологиялық заңдылықтарына сүйене отырып, тарихи-салыстырмалы, кешенді-жүйелі талдау әдістері пайдаланылды. Сондай-ақ, педагогикалық экперимент, сауалнамалау, тестілеу, бақылау, деректерді өңдеу әдістері басшылыққа алынды.
Диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы: Қазіргі таңға дейін біршама ғылыми еңбектерде жазушы шығармалары талданып, жетістік-кемшіліктері айтылып, жоғары бағаланғанымен, жазушы шығармалары толыққанды өз бағасын алды дей алмаймыз. Зерттеу жұмысында Т.Әбдіков қазақ әдебиеті тарихына өзіндік стиль алып келген, ерекше қолтаңбалы жазушы екеніне айрықша көңіл бөліп, жазушы шығармаларының жаңа көзқарасқа толы екенін көрсетуге тырыстық. Сондай-ақ, Т. Әбдіковтің прозасындағы психологиялық иірімдері мен философиялық толғаныстарын саралай келе, ЖОО-на арналған оқыту әдістемесі талқыланады.
Күтілетін негізгі нәтижелері: Диссертация жұмысының нәтижелері оқушылардың, студенттердің осы салаға тікелей қатысы бар жаңа ізденіске бағдарланған ғылыми баяндамаларын, мақалаларын жазуына көмекші ықпал жасай алды. Сонымен бірге, диссертация жұмысын оқу үдерісіндегі қазақ әдебиеті пәндерін игеру үстіндегі білімгерлердің де қосымша дереккөз материалдарында пайдалануларына болады.
Диссертациялық жұмыс нәтижелерінің жариялануы мен мақұлдануы. Магистрлік диссертация аясында барлығы 2 мақала жарық көрді.
1. Төлен Әбдіковтің психологиялық шығармаларын оқытудың әдістемесі // «Qazaq bilimi» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. №05 (68) Мамыр, 2023 жыл.
2. Психологизм шыңы – «Оң қол» // «Тағылым» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. №05 (112) Мамыр, 2023 жыл.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы:
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет