Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8



бет16/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

21. «Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8:
1) 4-тармақтағы «және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабындағы ескертпенің» деген сөздер алып тасталсын:
2) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Адамның орындалуы үшін пара берілген әрекетті (әрекетсіздікті) жасаған-жасамағанына қарамастан, пара нысанасын қабылдаған сәтінен бастап, оның толық немесе бір бөлігін алғанына қарамастан, пара алуы аяқталған деп есептеледі. Қабылдау деп физикалық иелік ету, сондай-ақ параны онсыз, бірақ келісілген шарттарда беру (шотқа аудару, туысына беру, оны белгілі бір жерге салып қою арқылы және т.б.) түсініледі. Бұл ретте пара алушының өзіне берілген құндылықтарды өз қалауы бойынша пайдалануға немесе оларға билік етуге нақты мүмкіндік алған-алмағанының маңызы жоқ.
Жедел-іздестіру іс-шарасының не жасырын тергеу әрекеті шеңберінде қылмыстық қудалау органдарының бақылауымен пара алу да аяқталған қылмыс ретінде сараланады.
Адам пара түрінде алған ақша жалған не түгел немесе ішінара ұқсастырылған ақша белгілері болып шыққан жағдайларда, оның әрекеттерін бүкіл келісілген пара сомасын алуға оқталу деп саралаған жөн.
Адам ұсынылған параны алудан өз еркімен бас тартқан жағдайда, ол ҚК-нің 26-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды, ал пара берушінің әрекетін пара беруге оқталу деп саралаған жөн.
Егер пара нысанасын беру әрекеттері оны беруге немесе алуға тікелей бағытталған адамдардың еркінен тыс мән-жайларға байланысты орын алмаса, яғни пара берудің немесе алудың объективті жағы басталған болса, онда жасалған іс-әрекетті пара беруге немесе алуға оқталу ретінде саралаған жөн. Пара берушінің не пара алушының пара берудің немесе пара алудың объективті жағының тікелей басталуын құрамайтын өзге де дайындық әрекеттері пара беруге немесе алуға оқталу деп танылмауға тиіс. Мұндай әрекеттер ҚК-нің 24-бабының бірінші бөлігіне сәйкес пара берушіге не пара алушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша осы әрекеттердің жолы кесілген және қылмыс (ауыр немесе аса ауыр) соңына дейін жеткізілмеген жағдайларда пара беруге не алуға дайындалу деп саралануы мүмкін.»;
3) 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Парақорлықтағы делдалдықты көмектесу нысанында пара беруге немесе алуға бірге қатысудан ажырату қажет.
ҚК-нің 368-бабының бірінші бөлігіне сәйкес пара алушыға және пара берушіге олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімді іске асыруға ықпал еткен адам делдал деп танылуы керек. Делдал, әдетте, осы мақсатта пара берушімен де, пара алушымен де байланыс орнатады, оларды әрқайсысының қылмыс жасауға ниеті мен дайындығы және оны жасау шарттары туралы хабардар етеді.
Бұл ретте пара туралы келісімге қол жеткізуге ықпал ету пара алушы мен пара беруші арасында тиісті келіссөздер жүргізуде, олардың арасында кездесулер ұйымдастыруда, пара беру-алу туралы келісімнің шарттарын талқылауға қатысу түрінде көрсетілуі мүмкін. Пара туралы келісімді іске асыруға ықпал ету пара беруші мен пара алушының пара нысанасын мақсатына тікелей беру туралы келісімді орындауына бағытталған іс-әрекеттер жасауымен сипатталады.
Көмекші, басқа сыбайлас қатысушы сияқты, парақорлық субъектілерінің бірінің жағында болады. ҚК-нің 28-бабының бесінші бөлігіне сәйкес өзінің кеңестері, нұсқаулары, ақпарат беруі, пара беру-алу шарттарын жасауы не оған кедергілерді жою арқылы қылмыс жасауды жеңілдеткен адам, сол сияқты орындаушыларды, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарын, осы әрекеттің іздерін жасыруға алдын ала уәде берген, сол арқылы пара беруші немесе пара алушы көздеген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін адам көмектесуші деп танылады.
ҚК-нің 28-бабының тиісінше үшінші, төртінші немесе бесінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді орындаған және бір мезгілде делдалдық функцияларды орындаған ұйымдастырушы, айдап салушы не көмектесуші пара беруге немесе алуға қатысқаны үшін жауапты болады. Сыбайлас қатысушының іс-әрекетін саралау кезінде оның пиғылының бағытын ескеру, пара берушінің немесе пара алушының – кімнің мүддесі үшін, кімнің жағында және кімнің бастамасы бойынша әрекет еткенін анықтау қажет. Ұйымдастырушының, айдап салушының не көмектесушінің белгіленген әрекетіне байланысты ҚК-нің
28-бабына сілтеме жасала отырып, ҚК-нің 366 не 367-баптарының тиісті бөліктері бойынша саралануға жатады. Бұл жағдайда парақорлыққа делдал болғаны үшін жауаптылықты көздейтін ҚК-нің 368-бабы бойынша қосымша саралау талап етілмейді.»;

  1. 20-тармақта үшінші сөйлем алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Алаяқтық жолымен құндылықтарды иемдену адамның өзіне берілген құндылықтарды өз қалауы бойынша пайдалануға немесе оларға билік етуге нақты мүмкіндігі болған сәттен бастап аяқталған болып саналады.
Адамның ақшалай қаражатты немесе өзге де құндылықтарды осы мақсаттар үшін мемлекеттік бюджет бөлген ақшалай қаражатты немесе жәбірленушіге тиесілі емес өзге де қаражатты пайдалана отырып, жедел-іздестіру іс-шарасының не жасырын тергеу әрекетінің шеңберінде қылмыстық қудалау органдарының бақылауымен алаяқтық жолымен алуын алаяқтық жасауға оқталу ретінде бағалаған жөн.»;
5) мынадай мазмұндағы 27-1 және 27-2-тармақтармен толықтырылсын:
«27-1. Егер адам ақша алушының айдап салуымен, өз еркімен, оның ішінде алдана отырып, ақшаны немесе өзге де құндылықтарды пара ретінде берсе, онда ол пара беруші болып танылады және қылмыстық жауаптылықта болады. Мұндай адам, егер ол пара беру туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, ҚК-нің 367-бабына ескертпенің 2-тармағы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда іс ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 12) тармағына сәйкес тоқтатылады. Қылмыстық процесте мұндай адам куәгер ретінде әрекет етеді.
Егер адам пара бергенге дейін параны қорқытып алу немесе пара беруге итермелеу фактісі туралы өз еркімен мәлімдеген жағдайда, онда параны құқық қорғау органының бақылауымен берген мұндай адамға қатысты қылмыстық қудалау оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тоқтатылады. Қылмыстық процесте бұл адам жәбірленуші ретінде әрекет етеді.
Қылмыстық қудалау органының іс бойынша қабылданған барлық шешімі қаулымен ресімделуге және іс материалдарына қоса тігілуге тиіс.
27-2. Алғаш рет сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам қылмыстық топтың құрамында болмай, өзінің кінәсін мойындап келгенін, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткенін, қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның орнын толтырғанын, сондай-ақ оның жеке басы туралы деректерді ескере отырып, ҚК-нің 65-бабының бірінші бөлігі негізінде шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Бұл туралы шешімді тек сот қабылдай алады.»;
6) 28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза адамның қылмыс жасаған кезде ҚК-нің
50-бабының екінші бөлігінің тізбесінде көрсетілген ұйымдарда белгілі бір қызметпен айналысқан-айналыспағанына немесе белгілі бір лауазымды атқарғанына қарамастан, міндетті түрде тағайындалады.».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет