Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №8



бет2/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

2. «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңдарды қолдануы туралы» 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі №1;
2018 жылғы 20 сәуірдегі №8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Адамның бұрынғы соттылықтары туралы материалдар апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылған жағдайда, олар назарға алынбайды және оған жол берілмейді, бұл туралы апелляциялық қаулыда көрсетіледі.»;
2) 9-тармақта:
үшінші сөйлемдегі «қылмыстың қайталану түрлерін анықтау кезінде» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«ҚК-нің 60-бабын қолдану және өтелмеген соттылықтарды санамалау кезінде үкімнің кіріспе бөлігінде негізгі, сонымен қатар қосымша жазаның түрі мен мөлшерін көрсету керек.»;
3) 12-тармақтағы «құқықтық зардаптардың» деген сөздер «қылмыстық құқық бұзушылықтардың салдарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 24-тармақтағы «қылмыстық құқық бұзушылықтардың» деген сөздер «қылмыстардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 27-тармақтағы «2005 жылғы 20 маусымдағы №3» деген сөздер «2019 жылғы 31 мамырдағы №1» деген сөздермен ауыстырылсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет