Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 11 мамырдағы № 4



бет7/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz

9. «Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 11 мамырдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1;
2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен):
1) 3-тармақта:
екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Егер жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян зорлау не өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасағаннан кейін келтірілсе, онда қылмыстардың жиынтығы орын алады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Зорлау, өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасау кезінде жәбірленушілердің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруді өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан зорлау ретінде ҚК-нің 120-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан өзге де күш қолдану әрекеттерді жасау ретінде ҚК-нің 121-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы бойынша тиісінше саралаған жөн.»;
үшінші, төртінші, бесінші абзацтар төртінші, бесінші, алтыншы абзацтар деп саналсын;
2) 10-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Зорлау және зорлауға оқталу кезінде кінәлінің әрекеттері «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысының 19-тармағының түсіндірмелері ескеріле отырып, саралануға жатады.»;


10. «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 6 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 4;
2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 3-тармақтағы үшінші сөйлем «сондай-ақ оның жеке басының құжаттарын (күнделіктер, жазбалар, хаттар, аудиожазбалар және т.б.) зерттеген» деген сөздерден кейін «, іс бойынша сотқа дейінгі пробация жүргізілген жағдайда сотқа дейінгі баяндаманы талап еткен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚК-нің 83-бабында көзделген жағдайларда, сот ҚПК-нің 545-бабына сәйкес кәмелетке толмаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып және оған ҚК-нің 84-бабында көрсетілген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, ҚК-нің 85-бабында көрсетілген мерзімге айыптау үкімін шығарады.»;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Кәмелетке толмаған адамды мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, қылмыстық жауаптылықтан босату ҚК-нің
83-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда соттың қаулы шығаруы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;
2) екінші абзац үшінші абзац деп саналсын;
3) 16-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Кәмелетке толмаған адам ҚК-нің 68-бабының бірінші бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған жағдайда, оған тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.»;
4) 31-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Кәмелетке толмаған жаста қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты қылмыстық іс, оның сотта іс жүргізу кезеңінде кәмелетке толғанына қарамастан, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың (қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизон әскери сотының соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда) соттылығына жатады. Бұл ретте сотта кәмелетке толған сотталушыларға қатысты іс жүргізу ҚПК-нің 530-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ҚПК-нің 56-тарауының нормалары бойынша емес, сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша жүргізіледі.».


11. «Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы» 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 24 қаңтардағы №2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақтың екінші абзацындағы «үш сағаттан кешіктірілмей» деген сөздер «дереу, бірақ үш сағаттан кешіктірілмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Прокурор азаптаудың, зорлық-зомбылықтың, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттердің қолданылғаны туралы шағымды ҚПК-нің 105-бабында белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес тексереді. Азаптаудың, зорлық-зомбылықтың, басқа да қатыгез әрекеттердің қолданылғаны туралы жеткілікті деректер анықталған кезде прокурор шағымды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркейді және қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін тергеулілігі бойынша береді.»;
3) 13-тармақтағы «сотқа дейінгі іс жүргізуді» деген сөздер «сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тергеу және өзге де процестік әрекеттер жүргізуді» деген сөздермен ауыстырылсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет