13. «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 14; 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 12; 2007 жылғы
11 мамырдағы № 3; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы
20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бөтеннің малын жасырын жымқыру (мал ұрлау) қылмыстық заңның арнайы нормасы – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 188-1-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Аталған бапқа ескертпеге сәйкес мал деп: ірі қара мал; жылқылар мен есектер; түйелер; ұсақ мал мен шошқалар түсініледі.
Мал және басқа да бөтеннің мүлкі бір мезгілде ұрланған жағдайда қылмыстық әрекеттер ҚК-нің 188-1 және 187 не 188-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралануға тиіс.
Бөтеннің үй құсын ұрлау ҚК-нің 188-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.»;
2) 3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚК)» деген сөздер «ҚК-нің» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 13-тармақтың бірінші абзацындағы «не қоймаға» деген сөздер
«, қоймаға не көлік құралына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұрланған мүліктің ҚК-нің 3-бабының 38) тармағында немесе
3) тармағында тиісінше белгіленген құны ұрлықтың ірі немесе аса ірі мөлшері деп танылады;
екінші абзацтағы «ірі» деген сөз «ірі немесе аса ірі» деген сөздермен ауыстырылсын; «38) тармағында» деген сөздер «38) тармағында немесе
3) тармағында тиісінше» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «ірі» деген сөз «ірі, аса ірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Жеке кәсіпкерге тиесілі мүлікті ұрлау кезінде мөлшерінің айтарлықтайлылығы жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны ретінде есептеледі, өйткені Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес дара кәсіпкер – заңда белгіленген тәртіппен тіркелген және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.»;
6) 18-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Егер бөтеннің мүлкі кінәлі адамның лауазымдық міндеттеріне немесе тиісті заңды құжаттармен (шартпен, еңбек келісімімен, лауазымдық өкілеттіктерімен және т.б.) бекітілген шарттық қатынастарға байланысты, сондай-ақ жазбаша шартты рәсімдеместен (бақташымен ауызша уағдаластық және т.б.) заңды иелігінде болса, іс-әрекет бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету ретінде саралануға жатады.
Кінәлі адамның атқаратын лауазымына байланысты жәбірленушінің ақшалай шотындағы ақша қаражатына билік ету құқығы болған жағдайда, қолма-қол берілмейтін ақша қаражаттарын, оның ішінде электронды ақша қаражаттарын олардың иесінің шотынан өзінің немесе басқа адамның шотына аудару арқылы ұрлауды қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған, кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау ретінде ҚК-нің 189-бабы бойынша саралаған жөн. Мұндай құқық болмаған кезде іс-әрекет ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық немесе ҚК-нің 190-бабы бойынша алаяқтық ретінде саралануға жатады.».