17. «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 3; 2004 жылғы 18 маусымдағы № 3; 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 7; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін мемлекеттік шекара арқылы Қазақстан Республикасынан тыс Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекетіне заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау ҚК-нің 203-бабының 1-1-бөлігі бойынша сараланады.
Мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игілік объектілерін Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тысқары жерге заңсыз әкету немесе оларды Қазақстан Республикасына қайтармау адамдардың әрекетінде экономикалық контрабанданың құрамы да болған кезде ҚК-нің 203-бабының 1-1-бөлігімен және ҚК-нің 234-ші бабының тиісті бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша сараланады.».