19. «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» 2004 жылғы 18 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 22; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 11-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «аңшылық процесінде (жануарлардың ізін кесу, аңду, шам жарығымен ату және т.б.) тікелей» деген сөздер алып тасталсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы (ҚК-нің 337-бабының үшінші бөлігі) жасаған заңсыз аң аулау кезінде жануарларды іздестіруді, аңдуды, қудалауды және аулауды жүзеге асыратын, оларды бастапқы қайта өңдеуді және (немесе) тасымалдауды жүргізген адамдар құқық бұзушылықты орындаушылар деп танылады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, аң аулау құралдарын, көлік құралдарын беруімен не оны жасауға кедергілерді жоюымен заңсыз аң аулауға жәрдемдескен адамдар, сондай-ақ орындаушыны, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруын немесе өзге де құралдарды, осы әрекеттің іздерін не құқыққа қарсы жолмен қол жеткізілген заттарды жасыруға алдын ала уәде берген адам, сондай-ақ алдын ала берілген уәде бойынша заңсыз аң аулау өнімін сатып алатын, сақтайтын немесе өткізетін адамдар өздеріне аң аулаудың заңсыздығы туралы анық белгілі болған кезде ҚК-нің 28-бабының бесінші бөлігіне сілтемемен көмектесушілер ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады.»;
3) 26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Олардың көмегімен заңсыз аң аулау, балық ресурстарын заңсыз аулау және басқа да экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған құрылғылар, құралдар, қарулар және өзге де заттар – қылмыстық құқық бұзушылық құралдары не қарулары деп танылуға тиіс және ҚПК-нің 118-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес ҚК-нің 48-ші бабының 4) тармағы негізінде сот шешімімен мемлекет пайдасына тәркіленуге жатады .»;№
20. «Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Соттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 345, 345-1, 346 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер), 348, 349-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық, егер жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа немесе ауыр зиян келтіру түріндегі салдарларға не бір немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдайда ғана басталатынына назар аударсын.
ҚК-нің 346-бабының бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін қандай да бір салдарлардың басталуы талап етілмейді.
ҚК-нің 346-бабының екінші бөлігі бойынша жауаптылық бөгденің көлік құралдарына, жүктеріне, жол және өзге де құрылысжайларға не өзге де мүлікке абайсызда зақым келтіру, сол сияқты адам денсаулығына жеңіл зиян келтіру түріндегі салдарлар болған кезде басталады.»;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болу фактісі ҚК-нің 345-1-бабында көзделген іс-әрекеттердің міндетті белгісі болып табылады.
Іс-әрекетті ҚК-нің 346-бабының тиісті бөлігі бойынша саралау үшін екі мән-жайдың: 1) адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуы;
2) адамның осы іс-әрекетті жасағанға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылу фактісінің болуы анықталуға тиіс. Көрсетілген
мән-жайлардың ең болмағанда біреуінің болуы іс-әрекетті ҚК-нің 346-бабы бойынша саралауды жоққа шығарады.»;
3) 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Лауазымды адамның, көлік құралы меншік иесінің немесе иеленушісінің көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамды көлік құралын басқаруға жіберуі ҚК-нің 346-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Көлік құралдарын басқару құқығы немесе тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушіні көлік құралын басқаруға жіберу бойынша лауазымды адамның, көлік құралы меншік иесінің немесе иесінің іс-әрекеттері, егер бұл іс-әрекет абайсызда орташа ауырлықтағы немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіруге не бір немесе бірнеше адамның өліміне әкеп соқса, ҚК-нің 349-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануға жатады.»;
4) мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Көліктік қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жол көлік оқиғасы объектісі болып табылатын автокөлік құралы қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруына немесе құралына жатқызылуы тиіс емес екенін және осы негіз бойынша мемлекет кірісіне тәркіленуге жатпайтынын соттардың ескергені жөн.»;
17-тармақта:
бірінші абзацтағы «ҚК-нің 345, 348, 349, 351-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздер «ҚК-нің 345, 345-1-баптарында көзделген абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта «бір жылға» деген сөздер «екі жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
17-1. ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің талаптарына орай ҚК-нің 345-1-бабының төртінші бөлігі және 346-бабының тиісті бөліктері негізінде көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза 2020 жылғы 10 қаңтардан кейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін ғана тағайындалады. Көрсетілген уақытқа дейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза осы баптардың санкцияларында бұрынғы редакциясында көрсетілген мерзімге тағайындалады.
Көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза сотталушының үкім шығару кезінде осындай құқығы болғанына немесе болмағанына қарамастан тағайындалады.»;
Достарыңызбен бөлісу: |