Байланысты: Жоба әдістемесінің ерекшеліктері Ризабек н
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жіктелуі.
Конференциялар мен конкурстарға берілген жұмыстарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
- проблемалық-реферативтік - бірнеше әдебиет көздеріне негізделіп жазылған, әр көздердің деректерін салыстырып, қойылған мәселе бойынша өз көзқарасын қалыптастыратын шығармашылық жұмыстар;
- эксперименттік - ғылымда сипатталған және белгілі нәтижесі бар шығармашылық жұмыс. Көбінесе суреттеу түрінде беріледі және нәтиженің ерекшеліктеріне өзіндік түсініктеме бере алатын шығармашылық жұмыстар;
- табиғи және суреттемелік - белгілі бір құбылысты бақылауға және сапалы сипаттауға бағытталған шығармашылық жұмыстар. Ғылыми жаңалықтың элементтері болуы да, болмауы да мүмкін. Айырмашылық ерекшелігі зерттеудің әдістемесінің болмауы мүмкін. Табиғи жұмыстардың бірі ретінде қоғамдық-экологиялық бағыттағы жұмыстарды атауға болады. Соңғы кезде «экология» терминінің тағы бір лексикалық мағынасы пайда болды: қоршаған ортаның антропогендік ластануына қарсы қозғалыс экологиялық деп айтылатын болды. Бұл бағытта жасалған зерттеу жұмыстары, көбінесе, оларда ғылыми әдістің жоқтығын көрсетеді.
- зерттеулік - ғылыми тұрғыдан қарағанда нақты әдістемелік негізде жасалған және осы әдістеме бойынша алынған эксперименталдық материалдар бар және осы материалдар негізінде зерттеу құбылысы бойынша талдау және қорытынды жасалған шығармашылық жұмыстар. Мұндай жұмыстардың ерекшіліктері – зерттеу бойынша анықталатын нәтижелердің алдын-ала белгісіздігі.