Ысқақаова Лина Құдабайқызы
М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитардық
колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Пән: қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім – ірі тұлға.
Сабақтың мақсаты:
а). Білімділік
- оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша алған
білімдерін бекіту;
ақынның қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында алатын орнын, маңызын
терең таныту;
ә). Дамытушылық
- оқушыларды шығармашылыққа, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге жетелеу;
- шығарманың тақырыбын, идеясын ашып эстетикалық, идеялық мәнін түсіне білуге
ұмтылдыру.
б). Тәрбиелілік
- ел ертеңіне сеніммен қарайтын Отаншыл тұлғаның өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
- ұлы тұлға шығармашылығына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- көркем әдебиетті сүюге, адамгершілікке, мейірімділікке, жанашырлыққа, шыншылдыққа деген отты маздату.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: қорытындаы сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: эвристикалық, зерттеулік, когнитивті, өнімді оқыту әдістері
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка.
Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: проектор, экран, слайд, үнтаспа.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а). оқушылармен сәлемдесу;
ә). оқушыларды түгендеу;
б). Психологиялық даярлық жасау.
ІІ. Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз:
Эпиграф:
Мен кетермін сөз қалар,
Ақ қағазға басылып.
Бозбалалар қолға алар
Әр ауылға шашылып.
Ш.Құдайбердиев
Оқушылар, біз бүгін бес арыстың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып-білгенімізді ортаға салып, жинақтап, қорытындылауға тырысамыз.
Қазақтың классик ақыны, ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Артына мол мұра қалдырып, сіздер секілді тәуелсіз ел жастарын келешекке бағыттайды.
«Сиқырлы сандық»
Әр топтан бір-бір оқушы шығып, сандық ішіндегі құпия сөздерді алып, мәнін ашады.
№ 1
Жұрттың алдындағы батпан ауыр міндеттерді азаматтық парасатымен сезініп, осы рухта әсем жырлар тудырған ......................(тамаша ақын)
№ 2
Келешек ұрпағына өнеге-өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы .....................(жүйрік жазушы)
№ 3
Заманы мен халқы жөнінде ой толғаған ................, ...........................(тарихшы, ойшыл пәлсапашы)
№ 4
Шығыс пен батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына танытқан.................(талантты аудармашы)
№ 5
Сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған ............................... туындыгері (әуезді әндердің).
№ 6
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлақсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,
................................................................
(Бір білімді данышпан жан табалық)
Сөйлемді толықтыру арқылы кластер құру:
2. «Еркін оқу» стратегиясын қолдану арқылы Шәкәрімнің ақын екендігін дәлелдеп көрсек.
Шәкәрім – лирик( экранда)
Өз қалаулары бойынша 3 оқушы жаттау оқиды, отырғандар:
1). Тақырыбы мен идеясы анықтайды;
2). Бүгінгі тәуелсіз ел азаматының көзқарасын білдіреді;
3. Шәкәрім – мысалшы.
Ақын мысалдары сюжетті болып келеді.
Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша ақын мысалдарына композициялық талдау жасайық. (Оқушыларға парақтар тарату)
4. Шәкәрім – аудармашы
- Оқушылар ақынның қандай аудармаларын білесіздер?(Пушкиннен «Дубровский», «Боран»
Толстойдан «Асарходан патша», «Үш сауал»,Фзулиден «Ләйлі-Мәжнүн», т.б.)
«Шумақ қуу» стратегиясы арқылы Шәкәрімнің аудармашы екнін дәлелдейді.
«Кім шапшаң?» ойыны
Оқушылар ақын аудармаларынан шумақтарды оқиды, келесі топ тауып, жалғастырып мәнерлеп оқып, атауын және кімнен аударғандығын анықтайды.
5. Шәкәрім – тарихшы, ойшыл пәлсапашы.
Поэтикалық талдау
Шығарма атауы
|
Жанрлық табиғаты
|
Шумақ
|
Тармақ
|
Бунақ
|
Буын
|
Ұйқас
|
Көркем сөздер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6. Шәкәрім – сазгер:
«Сырлас әке мен бала» тақырыбын желеу ете отырып, әндерінің шығу тарихын анықтап көрсек (оқушылар үзінді арқылы өлеңнің атауы мен шығу тарихын анықтауы қажет):
І-топ:
«Балам, бүгін олжалы қайттық! Мен жаңа ән шығардым. Ол әнді жаратылыстың әнінен, бағанағы сайраған бұлбұл, шақырған көкек, таңдайын қаққан үкі, оларға қосылған таулар жаңғырығы, күрілдеп аққан өзен дауыстары, осылар қосылғанда жаратылыстың әні болып шықпай ма?»
Жауабы:
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»әні. Шәкәрім Ахат баласымен жазғытұрым «Үштас» тауының жотасына шығып табиғатты тамашалап отырып шығарған әні.
ІІ-топ:
«Залдың менің есігімді ашып қой, өлеңдеріңді айтыңдар,..»
Жауабы:
«Жиырма үш жасымда» атты ән. Шәкәрімнің үйінде бірге қыстап отырған Мажыра әжейге құдашасы келіп, кешкілікте жастар жиналып, олардың айтқан әні мен тартқан күйлеріне қатысты шыққан ән.
ІІІ-топ:
«Түнде әкей шам жағып, жазу жазды... Ерте оянып, домбыраға бір сарын тартты. Ел тұрып шай ішкен соң, әкей түнде жазған өлеңін оқып, оған салған әнін айтып бізге үйретті»
Жауабы:
Бұл ән: «Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де». 1929 жылдың қараша айында туған, Шәкәрім Байқошқардағы Кәрімқұлдікіне келгенде туған ән.
7. Шәкәрім – эпик.
«Сырласу сәтін» қолдану арқылы кестені толтырып кейіпкерлерді анықтайды
Шығармадан үзінді
|
кейіпкер
|
Іс-әрекет
|
Менің ойым
|
|
|
|
|
8. Шәкәрім – «талантты шәкірт»
«Талап пен ақыл» .................................. «Ғылым таппай мақтанба»
«Ер қоспақ» ......................................... «Өлең - сөздің патшасы»
«Жастық» ....................... ............... «Сегіз аяқ»
Бекіту: Әдеби айтыс
Қорытындылау:
Үш-ақ түрлі өмір бар, бәрі де мас,
Бір рәуішті болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің - ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас, - деп бүгінгі Ұлы ақынымыз Абай атамыздың шәкірті Шәкәрімнің әр уақытыңда ғылым-білім іздеп, артыңда адамдық атыңды қалдыруға ұқыпты пайдалан, қапы жіберсең - өкініштің орны толмайды деген тұжырымын әр уақыт естен шығармайық, бүгінгі тәуелсіз ел жастары!
Үйге тапсырма.
«Данышпан Шәкәрім» тақырыбында эссе жазу.
Бағалау. Бағалау парағын жиыстырып оқушы еңбегін бағалау.
Қоштасу.
Достарыңызбен бөлісу: |