Сабақтың тақырыбы А. Алтайдың "Прописка" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы



бет1/3
Дата23.09.2023
өлшемі1,28 Mb.
#182153
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№ 5 А.Алтайдың Прописка әңгімесінің тақырыбы мен идеясы.
stud.kz-4318, stud.kz-4318, шай беру дәстүрі, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы




Бөлім: Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 6

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

А.Алтайдың "Прописка" әңгімесінің тақырыбы мен идеясы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсінеді.
Көпшілігі: Шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;
Кейбір оқушылар: Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені жаһандық мәселелермен байланыстырады.

Бағалау критерийі

  • әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият(3-құндылық)

Тілдік мақсаттар

Прописка, көкек айы, желтоқсаншы т.б.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, биология.

Алдыңғы білім

А. Байтұрсынұлы шығармашылығы

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Жылы лебіз» оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Қолдарынан ұстап тұрып бәрі бірге
Бар ғажайып мен!
Бәрі менің қолымда!
Бәрі маған байланысты!


Қызығушылықты ояту. Жазушы Асқар Алтаймен сұхбат.
https://www.youtube.com/watch?v=asQjhtNWwQs

Үзінді тыңдалып, бейнероликке байланысты оқушылар өз ойларын айту
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.



Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар үзінді тыңдап, бейнероликке байланысты өз ойларын айтады.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

ҚБ


ҚБ



6-сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы
https://www.youtube.com/watch?v=asQjhtNWwQs



Сабақтың ортасы



Мағынаны тану. «Прописка» әңгімесінің мазмұнын «Тірі кітап» әдісімен айтып береді.
1. «Прописка» әңгімесінің кейіпкерлері кімдер?
2. Шығармада суреттелген оқиға еліміздің қай өңірінде
орын алған?
3. Архат деген кім? Ол қайда бара жатыр?
4. Қысқы Алтай табиғаты қалай бейнеленген? Оқып беріңдер.
5. Желтоқсан көтерілісі туралы не білесіңдер? Ол туралы шығармада не айтылған?
Тапсырма. «Ассоциация тізбегі». Оқушылар «Прописка» әңгімесінен өздеріне ұнаған сөздер мен тіркестерді жазады. Оларды таңдаған себептерін айтады және не мағына беретінін талқылайды. «Ассоциация тізбегіне» жазады.
Дескриптор:

  • әңгімеден өздеріне ұнаған сөздер мен тіркестерді жазады;

  • жазу себебін түсіндіреді;

  • не мағына беретінін талқылайды.

ҚБ «Бас бармақ»
Тапсырма. «Фишбоун» әдісі.

Балықтың басы – әңгімеде көтерілген мәселе;
Үстіңгі сүйектері – мәселенің туындау себептері;
Астыңғы сүйектері – салдары;
Құйрығы – мәселенің шешімі.
Дескрипторлар:

  • көтерілген мәселені анықтайды;

  • мәселенің туындау себептері мен салдарын талдайды;

  • мәселенің шешімін ұсынады.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет