Зерттеу мәселелерін іске асырудың ерекшеліктері.
Зерттеу тақырыбына жастардың жасына, психологиясына байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Жасөспірімдердің білім деңгейінің әлі де жеткіліксіздігіне, көзқарастың толық қалыптаспағанына, өзіндік талдау деңгейлерінің толық дамымауына байланысты оларға зерттеу саласында көп тапсырма беру олардың жалпы білім деңгейіне, дамуына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан ғылымның кейбір мәселелерін зерттеуді мектептерде жүргізу тиімді болмауы да мүмкін. Мұндай ғылыми мәселелер оқушылардың жобалау, зерттеу жұмыстарын жүргізудің жалпы талаптарын қанағаттандыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |