Байланысты: Жоба әдістемесінің ерекшеліктері Ризабек н
Зерттеунәтижесін көрсете білу. Қазіргі кезеңде зерттеу нәтижесін көрсете білудің маңызы барлық жұмыстар үшін аса зор. Зерттеу жұмысының нәтижесін көрсетудің бірнеше қалыпты көрсеткіштері бар: тезистер, ғылыми мақала, ауызша баяндама, диссертация, монография, мақала. Осы әр көрсеткіштің тілі, көлемі, құрылымы анықталған. Нәтижелерді көрсетуде жетекші мен оқушы алдын ала қай жанрда жұмыс істейтінін анықтап алулары керек, содан кейін сол жанрдың талаптарына сәйкес жұмыс істеулері тиіс. Қазіргі кездегі жастар конференцияларында қолданылатын жанрлар: тезистер, мақалалар, баяндамалар. Жанрлардың бұл түрінде зерттеу жұмыстарының нәтижелелері ғана емес, сонымен қатар рефераттар немесе сипаттау жұмыстары да берілуі мүмкін.