Трансформатор (лат. ans ототурлендіремін) – кернеулі айнымалы токты жиелігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғыны.Трансформатордың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция құбылысына және параметрлік эффектіге негізделген. Негізгі элементтері магнит өткізгіш және онда орналасқан Бірінші реттік орамалар (БРО) мен бір немесе бірнеше Екінші реттік орамалардан (EPO) тұрады.
Трансформатордың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген. Бірінші ретті орамдар арқылы айнымалы ток өткен кезде феромагниттік өзекшеде айнымалы магнит ағыны пайда болады. Бұл магнит ағыны өз кезегінде екінші ретті орамдарды да тесіп өтетін болғандықтан осы орамдарда индукциялық ЭКК-ін туғызады. Егер екінші ретті орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тізбектен де айнымалы ток өтеді. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзінің айнымалы магнит ағынын туғызады. Екінші орамдарды туғызған магнит ағыны өзекшедегі толық магнит ағынын кемітеді, бұл өз кезегінде бірінші ретті орамдарда өздік индукция ЭКК-інің кемуіне алып келеді. Оздік индукция ЭКК-інің кемуінен бірінші ретті тізбекте ток арта бастайды да, коректендіруші кернеудің мәні өздік индукция ЭКК-іне теңескенде жүйеде тепе-теңдік орнайды
Трансформатордың жұмыс істеу принципі
Трансформатордын турлері
Автотрансформатор
Бөлгіш
Импульстік
Куштік
Байланыс
Өлшеу