Өндірістің шоғырлануы - өндірістің ірі және өте ірі фирмалар мен компаниялар аумағында көптеп шоғырландыру үрдісі.
Басқарудың шоғырлануы – белгілі бір объектіге қатысты жүзеге асырылатын басқару функцияларының жинақталуы. Бұл өндірісті басқару жүйесінің құрылымының ұйымдастыру сипаттамаларының бірі. Деңгейі тігіненбасқару функцияларының бөлінуіне байланысты басқарудың орталықтануынан өзгеше басқарудың шоғырлануы басқару функцияларының басқарушы буындары арасында көлденең бөлінуімен анықталады.
Қазіргі жағдайда фирмалардың кооперациялануы және шоғырлануының негізгі нысандары болып мыналар табылады: бағалар, өткізу нарықтары, өндіріс көлемдері және т.б. Салада фирмалардың арасындағы тәуелсіз компаниялардың бәсекелестігін заңды және экономикалық жағынан шектейтін ұйымдар – картельдер; кешегі орталықтандырылған капитал салымдары мен басқаруы бар кешен – концерндер; ұйымға кіргенде өндірістік және коммерциялық тәуелсіздігін жоғалтып бір орталыққа бағынатын кәсіпорындар – тресттер; мақсаты келісімшарт негізінде белгілі бір міндеттерді орындауға бағытталған шаруашылық тәуелсіз фирмалардың уақытша одағы – консорциумдар және тағы шоғырлану нәтижесінде пайда болады.
Еңбек бөлінісі оның жекелеген түрлерінің әртараптануына әкеледі, ал еңбектің әрбір түрі көлемінің экономикалық үнемді шамаға дейін ұлғаюы негізінде шоғырлануы операциялар мен үрдістердің қайталануына әкеледі, яғни мамандандырылған өндіріс қалыптасады. Осылайша, мамандану, бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісінің салдары болса, екінші жағынан – біртекті өндірістің шоғырлануының нәтижесі болып келеді.
Өндірістің біртектілігі өндірілген өнімнің, өндірістің технологиялық әдістерінің және техникалық мәдениетінің бірыңғай болып келуінен туындайды. Оның негізін өндірілген өнімнің біртектілігі құрайды. Ал соңғы мақсатына біртекті үрдістердің шоғырлануы және олардың мамандандырылған учаскелерге, өндірістерге және олардың кәсіпорындарға бөлінуі жатады.
Мамандандыру -кәсіпорынның негізгі қызметінің белгілі бір өнімінің, тауардың және қызметтің түріне байланысты мамандануын айтады.