Кәсіпорынның ұтымды өндірістік құрылымын құру келесі тәртіппен жүргізіледі: а) кәсіпорынның цехтар құрамын және оның берілген өнімді өндіруді қамтамасыз ететін қуатын анықтау;
ә) әрбір цехтың және қоймалардың орналасатын өндірістік алаңдарын есептеу;
б) кәсіпорынның ішіндегі барлық тасымалдау жұмыстарының сыртқы жалпы орталық жолдармен өзара байланысын жоспарлау;
в) өндірістік үрдістің орындалуына байланысты еңбек заттарының цехтар арасындағы ең қысқа маршрутын белгілеу және с.с.
Өндірістік бөлімшелерге – цехтар, бөлімшелер, негізгі өнімді сынау, бақылау, тексеру жүргізетін зертханалар, комплектілік бұйымдарды, материалдар мен бұйымдарға қызмет көрсету үшін қажетті запас бөліктері, технологиялық мақсаттар үшін керекті өндірілетін энергияның түрлері және тағы басқалар жатады.
Жұмыскерлерге қызмет көрсететін бөлімшелерге тұрмыстық-коммуналдық бөлімдер, олардың қызмет түрлері, асханалар, буфеттер, бала-бақшалар мен демалыс үйлері, профилакторийлер, дәрігерлік пункттер, спорт қоғамдары өндірістік біліктілікті көтерумен айналысатын техникалық оқыту бөлімі мен оқу орындары жатады.
Өндірістік үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның өндірістік құрылымын көрсетеді. Өндірісті ұтымды ұйымдастыру және ыңғайлы басқару қағидасы бойынша кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де оның құрылымын анықтайды. Осыған орай өндірістегі мынадай бөлімшелерді атап өтуге болады: кәсіпорын, өндірістік бірліктер, цехтар, ағындық жүйелер, секциялар (бөлімшелер), жұмыс орындары.
Кәсіпорынның негізгі құрылымдық бөлімшесіне цех жатады. Цехта маманданудың заттың белгісіне қарай толық өндірістік үрдіс орындалады да, өнім өндірудің көп бөлігі немесе толық өндіру жұмыстары жүзеге асырылады. Цехтардың өндірістік-шаруашылық дербестік белгілері болуы керек.
Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі. Ағындық жүйе бірнеше секцияларға бөлінеді. Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы сипаты бар бірнеше операцияларды біріктіру арқылы құрылады. Ал әрбір секция бірқатар жұмыс орындарынан құралады. Жұмыс орындарында арнайы жұмыс орындалып, өнімнің жаңа құны пайда болады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы кәсіпорында орындалатын жеке өндірістік үрдістердің өзара байланысты бөліктерінің ұйымдастыру техникалық белгілеріне қарай бөліну жүйесін анықтайды.
Кәсіпорындардың өндірістік құрылымының үш түрі бар. Олар заттық, технологиялық және аралас (заттық-технологиялық) болып келеді.
Заттық құрылымдакәсіпорынның негізгі цехтары, оның бөлімшелерінің әрқайсысы өнімнің бір түрін, я болмаса оның бөлігін (түйінін, агрегатын) немесе бөліктердің бір тобын өндірумен айналысады. Заттық құрылым көп жағдайда көп сериялы және жаппай өндірісті құрастыру цехтарында қолданылады. Заттық құрылымның мысалына автомобиль зауыттарының двигатель, шасси, тарату қораптарын дайындау, кузовтар өндіру цехтары, аяқ-киім өндірісінде – аяқ-киімді құрастыру (жинақтау) цехтарын жатқызуға болады.
Заттық құрылымның артықшылықтары өте көп. Ол цехтар арасындағы өндірістік өзара байланыстарды жеңілдетеді және шектейді, бөліктердің қозғалу жолын қысқартады, цехаралық және цехтың тасымалдау шығындарын азайтады және жұмысын жеңілдетеді, өндірістік циклдың ұзақтығын қысқартады, жұмыстың сапасын арттыруда жұмыскерлердің жауапкершілігін арттырады.
Заттық құрылым құрал-жабдықтарды технологиялық үрдістің орындалуына қарай орындалуына қарай орналастыруды, өнімділігі жоғары станоктар, құрал-саймандарды мен техникаларды қолдануды қамтамасыз етеді. Мұның бәрі қорыта келгенде, өнім көлемін арттыруға, еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға көмектеседі.
Технологиялық құрылымөндірістің технологиялық құрылымын анықтайды. Мысалы, оған құю, ұста, кесу, механикалық құрастыру цехтарын жатқызуға болады.
Өндірістік құрылым мұндай түрі цехты басқарушыларлардың жұмысын жеңілдетеді, жұмыскерлерді орналастыруда және өнімнің қайта бір номенклатурасын өндіруден екіншісіне өту кезінде өндірісті қайта кұруда жеңілдік туғызады. Ал оның кемшіліктеріне бұйымның қозғалуында қарсы маршруттарының пайда болуы, цехтардың өзара өндірістік байланыстарының қиындауы, құрал-жабдықтарды қайта орналастыруда уақыт шығындарының едәуір көп жұмсалуы жатады. Мұның бәрі еңбек өнімділігінің артуына және өнімнің толық өзіндік құнын азайтуға кедергі жасайды.
Аралас (заттық-технологиялық)құрылым бір ғана машина жасау зауытында негізгі цехтардың әрі заттық, әрі технологиялық қағидаға негізделіп ұйымдастырылуын сипаттайды. Мысалы, машина жасау кәсіпорындарындағы жалпы өндірістің дайындау цехтары (құю, ұсталық, пресстік цехтары) технологиялық қағидамен, ал механикалық-құрастыру цехтары заттық қағида бойынша орналастырылады.Мұндай кәсіпорын түрлері тек машина жасау ғана емес, жеңіл өнеркәсіп (аяқ-киім, тігін және жиһаз жасау) өндірістерінде қолданылады. Өндірісті осылай ұйымдастырудың артықшылықтарына цехаралық тасымалдау жұмыстарының көлемінің азаюы, өнім өндірудің өндірістік циклының ұзақтығының қысқаруы, еңбек жағдайының жақсаруы, құрал-жабдықты жүктеудің жоғары деңгейі, еңбек өнімділігінің өсуі, бұйымның толық өзіндік құнының азаюы жатады.
Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.