Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет: · өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
· кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара үйлесуі;
· өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
· өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;
· өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың бірлік (жеке), жаппай және сериялықболып үш түрге бөлінеді.
Бірлік (жеке)өнім өндіретінөндірістетек өнімнің жеке түрі ғана өндіріледі. Әрбір өнімді дайындау оның өндіріс жағдайына, өндіру ерекшелігіне қарай ұйымдастырылады.
Ерекшеліктері: · әртүрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;
· жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;
· әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану;
· қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;
· жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;
· өндіріс циклының ұзақтығы;
· аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.
Жаппай өндірістеөнім көптеп өндіріліп, онда өндірістік жағдай, қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен өңдеу тәртібі бірдей болып келеді.
Ерекшеліктері: · тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;
· жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;
· жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;
· арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал-жабдықтардың үлкен көлемі;
· механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процестердің көп қолданылуы;
· операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;
· қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;
· ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;
· өндіріс циклының қысқаруы;
· өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;
· кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.
Сериялық өндірістеөндірілетін өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады. Сериялық өндіріс серияның шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке бөлінеді.