Жоба: «Ұлттық құндылықтар»



бет16/32
Дата21.09.2024
өлшемі6,85 Mb.
#204832
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
жоба ұлттық (2)

Киіз үйді құрастыру.
Мақсаты: білімдерін тереңдету. Балаларға қазақ халқының тұрғын үйі – киіз үй туралы түсінік беріп, ата кәсібінен хабар беру, атадан мұра болып қалған өнерді үйрету. Балалардың ой – өрісін дамыта отырып, өнерге деген қызығушылығын арттыру, жұмыс жасау шеберлігін шыңдап дамыту. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,
Барысы:
Психологиялық дайындық.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Оңға қарады, солға қарады,
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына
Топқа бөлу.
(Қоржыннан өз топтарына есім алады)
I топ «Орда» тобы.
II топ «Отау» тобы.
III топ «Шаңырақ» тобы.
Ой шақыру.
Бұрынғы көшпелі халықтың баспанасы не еді? (Киіз үй)
Киіз үй неше бөліктен тұрады? (Төрт)
Қандай? (Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық)
Киіз үй түрлері туралы слайд көрсетіледі. ( назарын суретке аудара отырып бүгінгі тақырыпты әңгімелеу.)
Киіз үй - «Атамыз-Алаш, керегеміз-ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киі үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырларға оның мән –маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен – жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы.Киіз үйдің атқарған қызметі мен рөлі өте зор. Оған қарап отырып, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем еместігін аңғарамыз. Осы киіз үйде қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы зор роль атқарады.
Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.
Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген.
Киіз үй аз уақыт аралығында тігуге де, жинауға да ыңғайлы. Көшіп-қонуға қолайлы болғандықтан, малшылар оны қазір де көп қолданады. Киіз үй тегіс, су жүрмейтін құрғақ жерге тігіледі.
Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Киіз үй түрлері
Ой қозғау (сөздік)
Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
Қаламы – уықтың шаңырақ пен қаламдығына сұғылатын ұшы.
Қары – уықтың иініне дейінгі бойы.
Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.
Кереге – үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік.
Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Ерісі – ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Киіз есік – сықырлауықтың сыртынан жабылатын есік.
Маңдайша – екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Табалдырық – екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш..
Топпен жұмыс.
«Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: төр, сол жақ, оң жақ,от орны» - дегенді түсіндіріп көріңдер.
Практикалық жұмыс.
1. Қауіпсіздік ережесін қайталау.
Эстетикалық жағынан ең жақсы орындалған жұмысты көрсету. Жұмысты жасағанда жіберілген қателерге талдау жасау.
- Балалар, шаңырақ киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі.Атадан балаға мұра болып келе жатқан мұра екенін түсіндіру.
Венн диаграммасы. қорыту, пысықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет