1 - тәжірбие: шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құямын. Екеуін салыстырдым. Сүт – ақ , ал су – түссіз таза. Суды аз мөлшерде алсақ , ол түссіз. Ал өзен, көл суларының түстері әртүрлі болады. Оның себебі судың тереңдігіне байланысты , терең жер суы көгілдір болады. Табиғи су құрамында еріген тұздар, газдар және органикалық заттар болады.
Су мөлдір. Оны анықтап көрейік.
2- тәжірбие. Екі стақанның біреуіне сүт, біреуіне су құйямын. Олардың ішіне қасық саламын. Қайсысы анық көрінеді ? Неге ? Және иіскеймін. Бұл тәжірбиеден судың түссіз , мөлдір ,иссіз екенін анықтадық.
3- тәжірбие. Бірінші ыдысқа: кесеге, шыныға , стақанға су құямын. Осы ыдыстардағы судың пішініне қараймын. Су қандай пішінге ие болды ? Әр бір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса , суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады.
4-тәжірбие: Суды кез келген беті тегіс нәрсеге құйып көреміз. Ол жан – жағына аға бастайды. Себебі ол сұйық.Аққан су түгел жоқ болып кеттіме? Оның орнында дымқыл сулы із қалды. Су жұғады екен. Бірақ артынша олда жоқ болады , кеуіп кетеді.Кез келген затты суға малып алсаң ол су – су болып шығады. Су жабысқақ. Жуылған киімді далаға жаямын .Ол біраздан кейін кебеді. Ойланайықшы !Оның бойындағы су қайда кетті? Күн көзі жылуынан су буға айналады.Демек сұйық күйден бу күйіне өтіп ауамен араласады.Су буының қасиетін зерттеу іс 16 – 17 ғ асырда дамыды..
Мұз кайдан пайда болады ? Егер күн салқындап , температура О градустан төмен түссе , қысқы суықта , су сұйық күйден қатты күйге яғни қар мен мұзға айналады.
Судың адам өміріне қажеттілігі , маңызы.
Судың адам өміріне баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді, тазалықта болмайды. Су жолымен адам қатынайды , қайық , кеме жүзеді , жүк тасыйды, ағаш ағызады. Судың күшінен электр қуатын да алады.. Су арқлы үйді жылытады. Бірде бір өндіріс орыны сусыз жұмыс істей алмайды. Бояу езу, мата , тері бояу, қағаз , сабын дайындау, нан пісіру тағы басқа жұмыстар сусыз істелмейді.
|