Біріншіден, жердегі әрбір 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суының, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді. Ол 2 литрге де түгелдей қол жете бермейді, көпшілігі суық аймақтар мен тау басындағы мұздықтар түрінде қатып жатады. Соңында адам 100 литр судың тек бір жарым стақанын ғана пайдалана алады.
Екіншіден, адам табиғаттан суды таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Өзен көлдерге фабрикадан, зауыттардан және тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Сондықтан көптеген өзендер мен көлдердің балығы және басқа жәндіктері қырылып қалады. Ондай су ішуге келмейді. Тіпті оған шомылудың өзі өмірге қауіп келтіреді. Міне сондықтан адамдар су қоймаларын таза сақталуын қадағалауы керек.
Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Инженерлер суды тазартудың алуан түрлі әдісін ойлап тапты.Елімізде ластанған сулар мен өнеркәсіп қалдықтарын өзен – көлдерге төгуге тиым салынған.
Біздің елімізде су қоймаларын қорғау туралы арнаулы Заң қабылданған.Ол Заңы бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек.
Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естен шығармауымыз керек.Суды қорғауға сіздер және біздер болып барлығымыз атсалысуымыз керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ол кім? Бұл не? Қазақ совет энциклопедиясының Бас редакциясы 1987 ж. , 3 – том
Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы 1973ж.
Дүниетану 2 сынып Алматы «Атамұра» 2009 ж.
Дүниетану 3 сынып Алматы «Атамұра» 2003 ж.
Дүниетану 4 сынып Алматы «Атамұра» 2003 ж.
Дүниетану хрестоматия Алматы «Атамұра» 1999 ж.
География начальный курс 6 класс МОСКВА 2000 ж.
СТРАНЫ И НАРОДЫ Москва «Мысль» 1981 г.
Мальдивская загадка Москва «Прогресс» 1988 г.
Достарыңызбен бөлісу: |