45. В.И.Слободчиков бойынша педагогикалық жобалаудың түрлері.В.И.Слободчиков педагогикалық жобалаудың екі түрін ажыратады, олар:Біріншіден, оқытуды әрекеттердің тәсілдерін игеру ретінде қарастыра отырып, білім беру үрдісін педагогикалық – психологиялық жобалау;Екіншіден, білім беру үрдістері жүргізілетін институционалдық құрылымдар мен білім беру ортасын әлеуметтік –педагогикалық жобалау;
85 В.И.Слободчиков бойынша педогогикалық жобалаудың түрлері?
В.И.Слободчиков педагогикалық жобалаудың екі түрін ажыратады, олар: Біріншіден, оқытуды әрекеттердің тәсілдерін игеру ретінде қарастыра отырып, білім беру үрдісін педагогикалық – психологиялық жобалау; Екіншіден, білім беру үрдістері жүргізілетін институционалдық құрылымдар мен білім беру ортасын әлеуметтік –педагогикалық жобалау; Бұл ситуацияны диагностикалау түрлері критикалық нүктелер мен қарама қайшылықтарды анализдеуге, өзгерістің перспективалы бағыттарын іздеуге негізделген. Бұндай диагностиканың қарапайым формаларының бірі жобаға қатысушылар біртіндеп жауап беретін, сол арқылы өздері әрекет ететін бағыттар мен шарттарды айқындайтын сұрақтар сериясы бола алады. В.И. Слободчиковтың анықтауы бойынша, жоба – бұл білім берудегі, әлеуметтік педагогикалық қозғалыстағы, білім беру жүйелер мен институтарда, педагогикалық технологиялар мен іс әрекеттердегі иновациялық ойлардың хатталған кешені. Г.П. Шедровицковтың пікірінше білім берудің мақсатын бейнелейтін нақтылы жобаны болашақта оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын құра алатындай етіп анық жасау керек. Бұндай бағдарламалар білім беру жүйесіне енуі тиіс оқу пәндерінің саны, түрлерімен байланысын анықтау үшін қажет. Оқу құралдарының сипатына байланысты оқытудың әдіс тәсілдері жасалады.
46. В. В. Давыдов пен Ю. В. Громыко анықтаған жобалық– бағдарламалық үдерістің педагогикада қолданылу шарттары.Білім берудің тұтас саласы да жобалау пәні бола алады, бұнда тәжірибелік зерттеулер жүргізілуі эксперименттердің жобалық бағдарламалық түрі пайда болуына алып келеді. В.В. Давыдов пен Ю.В.Громыко ғылымилықтың жаңа жобалық – бағдарламалық түрін белгіледі. Оның негізіне ғылыми сипаттама беру (модельдеу), жаңа фрагменттер мен жүйелер құрастыру алынады. Жобалау пәні ретінде әлеуметтік –мәдени әрекеттер жүйесінің мәдени – тарихи түрлері алынады, бағдарламалау пәні ретінде тәжірибенің даму үрдісі алынады. Аталған В.В. Давыдов пен Ю.В.Громыконың тұжырымдамасын білім берудегі жобалаудың мета –әдіснамасы деп есептей аламыз және ол дәстүрлі педагогикалық үрдістің тұтас адам құндылықтарына көшуін белгілейді. Оның жобалау негізінде қолданылу шарттары төмендегідей қарастырылады:
1. белгілі бір білім мекемесі деңгейінде тәжірибелік зарттеудің зерттеудің қажеттігін анықтау;
2. білім саласындағы дәстүрлі нормативтік қызметтермен қатар инновациялық тәжірибелік алаңдардың болуына жағдай жасау;
3. білім беру саласындағы тәжірибелік жаңғыртулардың құралы ретінде жобалық әрекеттерді алу.
Айта кететін жайт, білім берудегі жобалау инновациялық жобаларды барлық білім беру ұйымдарына міндеттеуге тиіс емес. Бұл жағдайда басқару маниулятивтік сипатта болып, білім беру ұйымдары бірдей сипат алуы мүмкін.
Білім беруді жаңарту білім беру жүйелерін жобалау әдіснамасына, әртүрлі білім мекемелері сипатын және олардың өзін –өзі дамыту әрекеттерін қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі тиіс. Білім беруді дамытудың перспективалық бағыты ретіндегі жобалау идеяларын В.И. Слободчиков білім берудегі инновациялық әрекеттері тұрғысынан зерттейді. Ол инновациялық әрекеттерді:
- белгілі бір әлеуметтік тәжірибе кеңістігінде;
- дәстүрлі нормалардың жаңа әлеуметтік күтінімдерге сәйкес болмауынан пайда болған проблемаларды шешуге бағытталған әрекеттер ретінде;
- жаңа инновациялық тәжірибені, оның мәдени рәсімделуі мен берілу механизмін түсіну және қабылдау әрекеті ретінде;
- қалыптасқан тәжірибені жаңартуға бағытталған әрекет ретінде қарастырады
Мысалы, зерттеу әрекеттері «мақсат –құрал – нәтиже» схемасы бойынша бар нәрсені зерттеу түрінде болатын болса, басқару әрекеттері «бағдар – әрекет – бақылау» түрінде, ал жобалау әрекеттері логикасы «идея –орындау – рефлексия» түрінде жүзеге асырылады. Жобалаудың өзіне тән ресурстары бар, олар:интеллектуалдық, ерік – жігерлік;
адами позициялық;ұйымдастырушылық;басқару;кәсіби – әрекеттік материалдық – қаржылық, т.бИнновациялық жобалау төмендегі өзара байланысты қызметтерді қамтиды, олар:
- ғылыми –зерттеу әрекеттері, немесе жаңа білім ашу, игеру;
- жобалау әрекеттері, немесе жаңа білімді технологияда пайдалану арқылы тағы да жаңа білім құрастыру;
- білім беру әрекеттері, немесе субъектілердің өз тәжірибесі негізінде өзіндік білімді игеруі;
Осылайша, жаңа әлеуметтік –мәдени жағдайлар ұлттық білімнің жаңа бейнесін қалыптастыра бастады, оның мәні мен белгілері –қоғамдық тәжірибенің өз бетіндік түрі, тарихи тәжірибенің универсалды түрде берілуі, адамдық мәннің қалыптасуы мен күшеюінің жалпы тарихи –мәдени түрі.
Білімнің аталған жаңа бейнесіне сәйкес оның құрылымы өзгереді, білім саласы құрылымының көрінісі үш қырынан байқалады, олар:
білім беру ортасы –білімнің әлеуметтік –мәдени мазмұны ретінде;
білім беру институттары – білім беру субъектілері әрекетінің ұйымдастырылған жүйесі ретінде;
білім беру үрдісі – білім беру субъектілері әрекетінің мазмұны мен нақты жолдары ретінде;
білім беру саясаты – білім беру қызметін басқа жүйелер арасында қамтамасыз ету;
білім беруді басқару – оның тұтас қызмет етуін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |