73. Білім берудегі жобалау және педагогикалық жобалау түсініктерінің айырмашылығы неде?
Білім берудегі жобалау және педагогикалық жобалау түсініктерінің өзіндік мәні жөнінен де, мағынасы жөнінен де бір бірінен айырмашылығы бар. Білім берудегі жобалауды менеджменттік, экономикалық және құқықтық, т.б. салаларда қолданылу мүмкіндігіне қарай оны педагогикалық шеңберден тыс қарастыруға болады. Сөйте тұра, гуманистік педагогика қағидаларына сай алатын болсақ, білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған кез келген әрекет педагогикалық құндылықтармен, адамилық тұрғылармен сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, білім берудегі жобалау әрекетінің педагогикалық қызметтерді де атқаратыны белгілі. Жобалау әрекетінің мүмкіндіктері ақпараттық– коммуникативтік технологияның дамуымен де кеңейді, сөйтіп, білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау кеңістігі қалыптасты деп айта аламыз.
Педагогикалық жобалау–педагогтар мен оқушылардың, педагогикалық қоғамның қарым-қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үдерісі деп анықталады. Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде жүзеге асырылады.
73.Білім берудегі жобалау және педагогикалық жобалау айыпмашылығы түсінігі.
Е.А.Крюкованың айтуынша, педагогикалық жобалау дегеніміз – білімдер жиынтығы ретінде қарастырылатын, нақты педагогикалық объектіні, құбылысты немесе процесті көрсететін белгілі бір педагогикалық жүйені іске асырудың шарттарын анықтау жөніндегі іс-əрекет болып табыладыПедагогикалық жобалауды объектілеріне байланысты классификациялаған дұрыс, өйткені технологияландырудың негізгі критерийі жобаның бар болуы. Мəселен, түгелдей педагогикалық жүйені жобалау, педагогикалық, оқыту үрдістерін жобалау, бөлек педагогикалық жағдайларды немесе педагогикалық жүйе компоненттерін жобалау жəне т.б. Оқыту үрдісін технологиялық карта арқылы жобалау дидактикалық ақпараттың қатаң ұйымдастырылуын, жаңа технологиялық Педагогикалық жобалау көптеген ғалымдардың зерттеулерінде əр қырынан көрсетілді (В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, А.Н. Дахин, В.В. Краевский, В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко, Т.К. Смыковская, Е.А. Крюкова жəне басқалар). Аталған авторлардың еңбектері мен басқа да педагогикалық-психологиялық зерттеулерді талдау олардың көпшілігінде «жобалау» түсінігінің «жоспарлау», «болжау», «құру» түсініктерімен байланыстырылатыны байқалдыэтиканың бекітілуін, білім беру үрдісінің тиімділігін анағұрлым арттырылуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |