Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


ББ-ББ 36. Бастауыш сыныптарда жобалау әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері



бет2/50
Дата09.09.2022
өлшемі133,26 Kb.
#149096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Жобалау дайын

ББ-ББ 36. Бастауыш сыныптарда жобалау әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктеріБастауыш сынып оқушыларын жобалау технологиясы арқылы оқыту ерекшеліктері жазылған. Жоба әдісін пайдалануда шығармашылық қабілеттерін, логикалық ой өрісін дамыта түседі. Сонымен қатар, жобалап оқыту әдістеріне анықтама беріліп, олардың өзара байланысы арқылы жететін нəтижелер туралы айтылған.Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсаты оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін өзі көрсете білуге бейімдеу қажет. Сапалы білім беруде жобалау технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге, ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру керек. Ал, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдыру, ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Бастауыш сынып оқушылардың ізденушіліктерін, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуымыз керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жобалау әдісі арқылы төмендегідей ерекшеленеді
• жобалау әдісі оқушыларды оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;
• оқушыны білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді;
• жобамен жұмыс істеу барысында оқушының тілдік дайындығы қалыптасады;
• жобалау әдісі оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі.
• Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды.
• Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
• Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.
• Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.
• Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.
• Оқытудың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.
• Оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет