52) Педагогикалық проблеманы жобалау алгоритмі Педагогикалық жүйелердің инновациялық өзгерістері мақсаттық жобалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңа қызметтің өзіне тән орындалу алгоритмі мен технологиялық циклы, өзіндік ерекшеліктері болғандықтан, оны ұйымдастыру барысында белгілі бір тәртіп пен ережелер қатаң сақталуы тиіс. Соған орай, «технология» түсінігінің мәні жобалау әрекетін тұтастықпен және бірізділікпен орындаудағы ережелер мен нормалардың жиынтығы және олардың сабақтастығы деп қарастырылады.
Жобалаудың басталуынан аяқталғанға дейінгі біртұтас технологиясы төмендегі кезеңдер мен іс– шараларды қамтиды:
Бастапқы кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау объектісінің қазіргі жағдайын талдау, диагностикалау, бағалау: орын алып отырған қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау; осы бағыттағы ғылыми –зерттеулерді талдау; проблеманы теориялық негіздеу; жобаны ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл кезеңнің нәтижесі – жобалаудың қажеттігін анықтау, оны ақпараттық –материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті жағдайлар туғызу.
Негізгі кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау мақсатын айқындау; мақсатқа қол жеткізетін жолдарды болжау; жобаның шектелу аясын белгілеу; жобалау идеясын тұжырымдау, немесе, тұжырымдамасы; жобаның тұтас бағдарламасын, жоспарын жасау; бақылау түрлерін анықтау. Екінші кезеңнің нәтижесі – объектінің құжаттық жобасын жасау, олар: тұжырымдамасы, моделі, бағдарламасы, жоспары.
Жүзеге асыру кезеңі. Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан өткізу орындалады. Нәтижесі –жүйенің жаңа сапаға өткендігін назарға алу.
Қорытынды кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобаны және оны эксперименттік байқаудың сапалық нәтижелерін бағалау; жобаның тиімділігін тәуелсіз эксперттердің бағалауы; пайда болған проблемаларға сыни рефлексия жасау; жобаның нәтижелерін қорытындылау, түзетулер енгізу. Бұл кезеңнің нәтижесінде жобаға қажетті өзгерістер ендіріледі.
Жобалау технологиясы желілік түрде ұйымдастыруды қажет етеді. Өйткені, педагогикалық мақсат қою, мотивациялар мен құндылықтық ұстанымдарында қалыптасқан түсініктерді өзгерту қатысушылардың іс – әрекет дағдыларын өзгертуден басталады. Ол үшін барлық дербес және ұжыммен орындалатын қызметтердегі әркімнің өзіндік дамуы мен ұжым дамуындағы ортақ мүдделерді айқындап, тиімді әрекеттерге жетелейтін жағдайды қалыптастыру қажет болды.
Педагогикалық жобалауды жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық-бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нәтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар жүйесі анықталды