41 Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың рөліЖобалау әрекетін ұйымдастыруда да педагог оқушылардың жұмысын жоба түрінде құрады. Педагог білім беру мақсатын анықтайды, оған жетудің белгілі бір жолдарын ұсынады және қорытынды нәтиженің қалай болуы тиістігін алдын ала белгілейді. Осылайша, педагог әрекетінің ӛзі жобалық әрекет. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, жобалау әрекеті барысында педагогтың ӛз жауапкершілігі мен ӛзіндік іс-әрекеттері кӛбейеді, ӛйткені, ол оқушылардың жұмыстарын жоба жасауға бағыттайды, жоба жасау арқылы олардың түрлі қабілеттерін анықтайды, одан әрі дамытады. Ол ӛзінің оқыту жобасының нәтижесіне ғана емес, оқушылардың жобасы арқылы ӛнімінің нәтижесіне де жауап береді. Педагогтың білім беру жобасы оқушылардың жобалары арқылы жүзеге асырылады, егер педагог оқушылардың жобаларын тиімді ұйымдастырып, олар ӛнімді және нәтижелі болған жағдайда педагогтың білім беру (оқыту) жобасы ӛз мақсатын орындайды. Бұл жерде оқушылар жобасының ӛнімі - шартты ұғым, ол оқушының белгілі бір білімдік, дағдылық, құзіреттілік, құндылықтық, т.б сапалары болып табылады. Оқушылардың жобасын ұйымдастыруда педагог осы сапалардың белгілі бір сипатын мақсат ретінде алады. Оқушылардың жобалау әрекеті қатаң реттелмейтін, кӛбіне олардың еркіндігін дамытуға бағытталғандықтан педагогтың жобалау іс-әрекеттеріне де еркіндік, ӛзгермелілік тән болады. Түрлі жағдайларға байланысты (топтағы болуы мүмкін түсінбестіктер, кейбір жобалардың сәтсіздігі, оқушының келмей қалуы, т.б) педагог кӛптеген ӛзгерістер ендіруі, ситуациялардан шығудың тиімді жолдарын анықтауы қажет болып отырады. Олардың барлығы да оқушылар жобасының, сонымен қатар, педагогикалық жобаның табыспен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. 194 Қорыта келе, жобалау барысындағы педагогтың ісәрекеттерін жобалау әрекеті және басқару әрекеті деп екіге бӛлуге болады: – білім берудің жаңа нәтижелерін (оқушылардың жаңа сападағы қабілеттерін дамытуды) жобалайды; – оқушылардың жобалау әрекетін басқарады
ПП-ПП
Достарыңызбен бөлісу: |